конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Олжас Бектенов Changi Airport Group басшысы Ям Кум...

Олжас Бектенов Changi Airport Group басшысы Ям Кум Вэнгпен көлік саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Экономика Бүгін 14:26 44
Олжас Бектенов Changi Airport Group басшысы Ям Кум Вэнгпен көлік саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Primeminister.kz

Changi Airport Group Сингапурдағы Чанги халықаралық әуежайы мен Селетар әуежайын басқарады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов сингапурлық Changi Airport Group (CAG) компаниясының бас атқарушы директоры Ям Кум Вэнгпен кездесу өткізді. Онда авиация саласындағы жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық авиациялық хаб қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларына сәйкес Астананың әуежай инфрақұрылымын дамыту бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын, соның ішінде екінші әуежайдың құрылысы салынуда екенін атап өтті. Осыған орай Қазақстан мен Сингапур арасындағы нақты өзара іс-қимылды кеңейту үшін елеулі әлеует барына назар аударылды. Компанияның халықаралық тәжірибесі мен технологиялық сараптамасын Қазақстанның авиациялық инфрақұрылымын дамытуға тарту қажеттігіне көңіл бөлінді.

Changi Airport Group Сингапурдағы Чанги халықаралық әуежайы мен Селетар әуежайын басқарады. Changi Airports International еншілес құрылымы арқылы әлемнің 20-дан астам еліндегі 60-тан астам әуежайда әуежай инфрақұрылымын дамыту, басқару және бас жоспарлау жобаларына қатысады. GAI сонымен қатар биометрия мен автоматтандыруды қоса алғанда, озық цифрлық шешімдерді енгізеді және көміртекті бейтараптық принциптерін ұстанады.

Ям Кум Вэнг Changi Airport Group компаниясының Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін білдірді. Сингапурлық компанияның басшысы Астана қаласының Еуропа мен Азия арасындағы көпір ретіндегі зор әлеуетін атап өтіп, елордада жаңа әуежайды өңірлік хаб және өңірлік орталық ретінде салу жобасын жүзеге асыру барысында компанияның әуежай саласындағы сараптамасы, білімі мен тәжірибесін ұсынуға дайын екенін айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан – Сингапур қарым-қатынастарының жоғары деңгейін және практикалық өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге мүдделілігін растады. Бұдан әрі ынтымақтастық толыққанды әуежай экожүйесін құруға бағытталуы мүмкін екені атап өтілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Олжас Бектенов #аэропорт #сингапур #Қазақстан-Сингапур
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сайлаушылардың көңіл күйі қандай?

Бүгін 15:37

ҚР Бас прокуратурасы азаматтарға үндеу жасады

Бүгін 15:25

Текелі омарта өнімдерін жаңа деңгейге шығармақ

Бүгін 15:23

Алматыдан Гонконгқа жаңа әуе рейсі іске қосылады

Бүгін 15:06

Денсаулық сақтау: Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің 88%-ы электрондық форматқа көшірілді

Бүгін 15:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);