Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Олжас Бектенов: Үкіметте Мемлекет басшысының тапсы...

Олжас Бектенов: Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша қажетті барлық шара қабылданады  

Билік 03.01.2025, 17:03 659
Олжас Бектенов: Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша қажетті барлық шара қабылданады  
t.me/KZgovernment

Премьер-министр ЭКСПО аумағындағы павильон-сфераға барып, Мемлекет басшысының іске асырылуы экономика өсуінің жаңа көзі саналатын цифрлы технологияларды дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты. Олжас Бектенов Президент Ana tili газетіне берген бағдарламалық сұхбатында экономиканың өсуін қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын арттыру бойынша нақты міндеттер қойғанын атап өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев жасанды интеллект орталығы болатын бірыңғай цифрлық хаб құру жұмыстарының барысына тоқталды.

Индустриалды еңбек нарығында сұранысқа ие отандық кадрлар даярлауға, сондай-ақ білім беру мазмұнын әзірлеуге ерекше көңіл бөлінді. Премьер-министр ЖИ дамуының практикалық тұрғыдан нақты пайдасын атап өтіп, технологиялық шешімдерді ауқымды енгізу бірінші кезекте қазақстандықтардың өмір сүру сапасына оң әсер етуі тиіс екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы бүгінгі сұхбатында Үкімет алдына экономикалық өсуді қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын арттыру міндетін қойды. Біз өнімді жұмыс орындарын құруға, сол арқылы еліміздің барлық өңірінде отбасыларды тұрақты табыспен қамтуға мүмкіндік беретін шикізаттық емес дамыған салалары бар өзін-өзі қамтамасыз ететін экономикаға ұмтылудамыз. Елімізде GovTech және IT саласы табысты дамып келеді және оны жалғастыру қажет. Жалпы, цифрлы экономика өсудің маңызды әрі серпінді нүктелерінің біріне айналуы тиіс», — деп баса айтты Олжас Бектенов.

Президент сұхбатында атап өтілгендей, Үкіметтің басым міндеттері экономиканың орнықтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету, нақты секторды серпінді дамыту, еңбек өнімділігінің өсуі, сапалы жұмыс орындарының ұлғаюы болып қала береді. Премьер-министр Үкімет Мемлекет басшысының Ana tili газетіне берген сұхбатында айтылған тапсырмаларын орындау бойынша қажетті барлық шаралар қабылдайтынын атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #үкімет #экономика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика