AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Наурыз тойының шығуына байланысты аңыз-әфсаналар

Наурыз тойының шығуына байланысты аңыз-әфсаналар

Мәдениет 22.03.2026, 13:45 248 yakiya
Наурыз тойының шығуына байланысты аңыз-әфсаналар
Қайрат Қонысбаев

“Ертеде, осыдан бес-он мың жыл бұрын Жер шарының қоңыр үйегін мекен еткен, Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Жоңғария, Сарыарқа, Ерепей, Каспий, Жетісу, Тұран, Еренқабырғада ту көтерген Мықтар елі күндей күркіреп, күн санап көркейіп, көбейіп, бір ту астына тұтастай шоғырланып, береке-бірлігі айрандай ұйып, бақ қарап, Қыдыр дарыған дәуірі болыпты. Олар жылда Күн мен түн теңелген Наурыз тойын тойлайды.

Сол күні таңда Мық елінің Тәңірқұты төбе басына шығып, арайлап шыққан күнге бетін тосып, екі қолын соза жайып:

«О, Күнтәңір! Мықтар елін өзің жараттың, жерін өзің бердің, енді елімді, жерімді жарылқа, Тәңір!
Мық елінің Көк туын мәңгі желбіретіп, жаққан отын мәңгі лаулат!
О, Күнтәңір, жер-жаһанды сілкінуден сақта, жерді топан суыңнан сақта, жерді өрттен сақта, дүлей дауыл желіңнен сақта, елді жерден, ерді елден қуатын тебінді жаудан сақта, елімді індеттен сақта!
О, Күнтәңір, елімді дерт-дербез індеттен, тілден, ділден, діннен, салт-санадан айыратын жын-сайтанның өсек-аяңынан сақта!
О, Күнтәңір, Мық елін оң жолға баста, бақ бер, бақыт бер, еліме, жеріме тыныштық бер, айдан аман, жылдан есен қыл, Тәңірім! Мықтар елінің маңдайынан күн сүйіп, қабағын шытқызба, Тәңірім!» – деп көзіне жас ала балқиды. Тәңірқұты енді абызға жол бергендей сыңай білдіреді.

Сонда абыз үн-түнсіз қылқобызда «Тоғыз қоңыр» күйін тартады.
Абыздан соң алдын ала дайындалған 365 жігіт 365 күй тартады.
Тәңірқұтының тілегінен кейін «Тоғыз қоңыр» атты күйдің, 365 жігіттің 365 күй ойнауы Наурыз тойын бастауға рұқсат еткендей беташар сыңай білдіреді.

Осыдан кейін бірнеше күнге созылған той-думан басталады. Ертедегі Мықтар елінің салт-санасы бойынша, тарихи жырлар жырланады, мақтау, мадақ жырлар төгіледі.

Қайымдасып айтысу басталады, әндер шырқалады, сыбызғы, сырнай, қобыз және домбырадан түрлі күйлер төгіледі, билер биленеді.
Той-думанды қыздыратын алуан түрлі өнер сайысы басталып, мықтылар ортаға шығып сыннан өтіп, мадаққа, мақтауға ие болған айтулылары ат мініп, шапан киіп жатады.

Жастар «алтыбақан», «айгөлек», «шешеке», «ақсүйек», «қуаласпақ», «ақсандық-көксандық», «белбеутастар», «соқыртеке», «қасқұлақ» секілді ойындарды күн санап бірнеше күн қатарынан ойнаған. Асық, дойбы, тоғызқұмалақ сияқты ұтыс ойындары жақ-жақ болып дүрілдеген.

Орда басында өткен ең думанды қызық – ат шабыс, жорға салыстыру, лақ тарту, таған ойнау, атпен жүріп допты таяқпен қуалау, балуан түсу болады да, оған ат жалын тартып мінетіндер түгел қатынасады.

Наурыз тойы бүкіл ел ішінде өз шамасына қарай өтіп жатады. Біріне-бірі қыдырып, аман-саулық сұрасып, Наурыз көжеден дәм татады.

Ертедегі мықтар, ғұндар, сақтар, үйсіндер, қыпшақтар, бүгінгі қазақтар тойлап жүрген Наурыз мерекесі — күн мен түн теңелу қуанышы және тарихы өте ұзақ мейрам.Бұл нағыз табиғаттың мерекесі.


Жағда Бабалықұлы

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Наурыз мейрамы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының төрт ауданында мереке күндері азық-түлік жәрмеңкесі жұмысын жалғастырады

Бүгін 19:02

Қазақстандағы ерлердің саны қанша?

Бүгін 18:04

Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады

Бүгін 17:24

Отан қорғаушы күніне орай саптық ән және жүріс байқауы өтті

Бүгін 16:51

Әлемдік гимнастика аңызы Нелли Ким Алматыдағы жас спортшылар чемпионатына қатысты

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);