AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / «Музей түні»: Алматы музейлеріне 20 мыңнан астам а...

«Музей түні»: Алматы музейлеріне 20 мыңнан астам адам барды

Мәдени Алматы 19.05.2025, 10:13 747 Bakyt
«Музей түні»: Алматы музейлеріне 20 мыңнан астам адам барды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда аңыз тұлғалар «тірілді».

Өткен түнде мегаполис музейлері театрландырылған қойылымдар мен перформанстар арқылы жанды тарих кеңістігіне айналды. Қонақтарды қазақ жазуының реформаторы Ахмет Байтұрсынұлы, Верный қаласының алғашқы бас жоспар авторы, сәулетші Поль Гурде, тұңғыш қазақ инженері Мұхамеджан Тынышпаев, көрнекті геолог Қаныш Сәтпаев, опера әншісі Ермек Серкебаев және әлемге әйгілі әнші Роза Бағланова бейнесіндегі артистер қарсы алды. Сонымен қатар, халық композиторлары Құрманғазы, Қорқыт, Біржан сал, Дина Нұрпейісова, Жамбыл Жабаев, Ақан сері және белгілі жазушылар Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің бейнелері де ұсынылды. Қонақтар Қазақстанның ұлттық мұрасы – «Алтын адам» бейнесіндегі үлкен қуыршақтарға ерекше қызығушылық танытты. 

«Музей түні – 2025» акциясы аясында Алматы тарихы музейі, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі, Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйі, Д. А. Қонаев музейі, Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы, С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музейлерін 20 мыңнан астам адам тамашалады.

Алматы тарихы музейінде перформанстан бөлек «Алматы – махаббатым» спектаклі, археология мен әйел бейнелеріне арналған дәрістер, сондай-ақ, Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған мюзикл қойылымы көпшіліктің ерекше ықыласына бөленді. Кештің соңы ашық аспан астындағы кино көрсетілімі мен квест жеңімпаздарын марапаттау рәсімімен аяқталды.

Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйінде алаштанушылардың дәрістері мен «Алаш» қозғалысы қайраткерлеріне арналған театрландырылған қойылым өтті. Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің әдеби музейлерінде спектакльдер, викториналар және жазушылармен кездесулер ұйымдастырылды. Көрермендер «Мөлдір махаббат» және «Қыз Жібек ариясы» қойылымдарын тамашалады. Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған концерт пен «Бес асыл іс» тақырыбындағы дәріс өтті, сондай-ақ, Шәмші Қалдаяқовтың мандолинасы секілді сирек экспонаттар көрмеге қойылды.

«Баршаңызды Халықаралық музей күнімен құттықтаймын. Бүгін Алматы музейлері тұрғындар мен туристер келетін ортаға айналды – сегіз музейдің әрқайсысы мазмұнды бағдарлама ұсынды. Әсіресе, отбасыларымен, балалары мен немерелерімен келген жандарды көріп, ерекше қуандым. Бұл ұрпақ сабақтастығының, мәдениетке, өнер мен тарихқа деген қызығушылықтың көрінісі. Жастар квестке белсене қатысып, сұрақ қойып, тарихтың беймәлім беттерін ашуда. Мұндай іс-шаралар мұраны құрметтеуге, мәдениетті азаматты тәрбиелеуге ықпал етеді», – деді Алматы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев қаланың музейлер бірлестігінің үздік қызметкерлерін марапаттау барысында.

Жалпы, кешкі сағат 18:00-ден түн ортасына дейін мегаполистің сегіз музейінде экскурсиялар, қыш және бейнелеу өнері бойынша шеберлік дәрістері, музыкалық аспаптар жасау, зияткерлік ойындар, жазушылар мен мәдениеттанушылармен кездесулер, сонымен қатар, Еркеш Хасен, Ернар Амандық, «Алатау серілері» тобы, «Жаңа ғасыр» театры артистері және т.б. танымал өнерпаздардың қатысуымен «Алматы кеші» концерттік бағдарламасы өтті.

Кеш соңында барлық алаңда квесттің белсенді қатысушыларын марапаттау рәсімі, мерекелік концерттер мен түнгі кино көрсетілімдері ұйымдастырылды. «Музей түні» акциясы театр өнерін, музыканы, ғылым мен технологияны біріктіре отырып, тарихты әрбір адамға қолжетімді әрі қызықты етті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Музей түні #тарих
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Кеше 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Кеше 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Кеше 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Кеше 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Кеше 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);