Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрына...

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрына жөндеу жүргізіледі

Мәдениет 15.11.2024, 12:37 854
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрына жөндеу жүргізіледі
Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мәдениет және ақпарат министрлігі тарихи театрларды қалпына келтіру және жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстарды жалғастыруда.

Соның ішінде Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры да бар, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сай, театр ғимараты салынғаннан бері күрделі жөндеуден өтпеген. Инженерлік желілері мен материалдық-техникалық базасы тозғандықтан өрт қаупі жоғары. Ғимарат реконструкциясы театрдың тарихи келбетін сақтай отырып жүргізіледі. Өйткені ғимарат жергілікті маңызы бар мәдени ескерткіш мәртебесіне ие.

Сонымен қатар, демеушілер қаражатымен Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры ғимаратында ішкі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазірдің өзінде жеті бөлме, оның ішінде оркестр мен хор залдары, музей, грим бөлмелері, қабылдау залы және т.б. жаңартылды.

Наталия Сац атындағы мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрында да көп өзгеріс болады. Ғимараттың күрделі жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр.

Республикалық академиялық неміс драма театры да назардан тыс қалмайды. Бұрынғы кинотеатр ғимаратында орналасқан театрды жөндеу және газдандыру мәселесі Ұлттық экономика министрлігінің қарауында тұр.

Министрлік сонымен қатар 2025 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының ғимаратына сараптама жүргізуді жоспарлап отыр. Сараптама барысында оның күрделі жөндеу жұмыстары бойынша алдағы жұмыс көлемі анықталады.

Айта кету керек, 2020 жылы еліміздің мәдени мұрасын қолдаудағы маңызды қадам –Қ.Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталуы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#театрлар #жөндеу #тарихи ғимараттар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика