Instagram желісінде миллионға жуық оқырманы бар британдық тревел-фотограф әрі блогер Джордж Купер Алматының туристік көрікті жерлерімен танысты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Сапар Almaty Tourism Bureau ұйымының қолдауымен ұйымдастырылып, қаланы шетелдік аудитория арасында насихаттауға бағытталған. Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасының өкілдері хабарлады.
Сапар бағдарламасына Медеу, Шымбұлақ, Көктөбе және Вознесенск кафедралды шіркеуі кірді. Британдық саяхатшы Алматының табиғи көрікті жерлерін, тарихи сәулет ескерткіштерін және туристік инфрақұрылымын тамашалады.
Джордж Купер табиғат көріністерін суретке түсіруге, саяхат, табиғат және ерекше туристік бағыттар туралы контент жасауға маманданған. Оның жазбалары халықаралық аудиторияның қызығушылығын тудырып келеді.
Сапар қорытындысы бойынша блогер әлеуметтік желілерде Алматы туралы фотосуреттер мен бейнероликтер жариялауды жоспарлап отыр. Ол оқырмандарына қаланың тау бағыттарын, көрікті жерлерін және демалыс мүмкіндіктерін таныстырмақ.
2026 жылы Алматыға келетін шетелдік туристер саны 800 мың адамнан асады деп болжанып отыр.