Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Мидың  сау болуына не әсер етеді?

Мидың  сау болуына не әсер етеді?

Керек кеңес 19.01.2025, 12:14 919
Мидың  сау болуына не әсер етеді?
Сурет ЖИ көмегімен салынды

Neurology журналында жарияланған ұсыныстар когнитив денсаулықты әрдайым сақтауға, жүйке ауруларының қаупін азайтуға көмектеседі. 

Американың неврология академиясы мидың саулығына әсер ететін 12 факторды атады.

Ми саулығының негізгі факторлары:

Ұйқы. Дұрыс ұйқы – миды қалпына келтірудің негізі. Ұйқыдан кейін өзіңізді жайлы, тыныққан адам сияқты сезінуіңіз керек.

Эмоция саулығы. Созылмалы стресс, үрей немесе депрессия мидың жұмысын нашарлатуы мүмкін. 

Тамақтану. Дұрыс тамақтану когнитивті функцияны жақсартады. Тағамыңызда қоректік заттар мен дәрумендер жеткілікті болсын.

Дене белсенділігі. Қимыл-қозғалыс қан айналымын жақсартады және нейрондарды қорғайды.

Әлеуметтік белсенділік. Жақын адамдардың жанашырлығы, мейірім психика саулығы үшін маңызды.

Жарақаттанудың алдын алу. Бас жарақатын болдырмауға тырысыңыз, көлікте қауіпсіздік белдігін тағыңыз, мотоциклде шлем кию керек.   

Қан қысымын бақылау. Жоғары қан қысымы миға теріс әсер етеді. Үнемі өлшеп жүріңіз.

Метаболика. Қант пен холестерин қалыпты болса, неврологиялық аурулардың қаупі азаяды.

Емдеу режимін сақтау. Дәрі-дәрмекті жөн-жосықсыз пайдалануға болмайды.

Вакцинация. Екпелер миға әсер ететін инфекциялардан қорғауға көмектеседі.

Зиянды әдеттен аулақ болу. Шылымнан бас тарту, алкогольді шамадан тыс тұтынбау маңызды.  

Әлеуметтік факторлар. Қауіпсіз баспана, медициналық көмектің қолжетімді болғаны жақсы.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ми #сау #фактор
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының ӨКҚ анимациялық жобасы Көрісу күні туралы баяндады

Бүгін 22:27

Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті

Бүгін 21:20

Тоқаев Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты құттықтады

Бүгін 19:48

Тоқаев жастарға үндеу жасады: “Сіздер Қазақстан тарихында өз қолтаңбаларыңызды қалдыра аласыздар”

Бүгін 19:29

Алтын медаль: Ербол Хамитов Паралимпиада-2026 чемпионы атанды

Бүгін 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика