AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Миды қартаюдан қорғайтын қарапайым әдіс белгілі бо...

Миды қартаюдан қорғайтын қарапайым әдіс белгілі болды

Керек кеңес 21.02.2026, 15:36 627
Миды қартаюдан қорғайтын қарапайым әдіс белгілі болды
Сурет: Жасанды интеллект, Aqshamnews.kz

Физикалық жаттығулар мидың қорғаныш тосқауылын нығайтып, когнитивтік қабілеттерді сақтауға көмектеседі. Мұндай қорытындыға University of California, San Francisco (UCSF) ғалымдары келді. Зерттеу нәтижелері Cell журналында жарияланған, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Ғалымдардың түсіндіруінше, жас ұлғайған сайын гематоэнцефалиялық тосқауыл (ми қан-тосқауылы) әлсіреп, өткізгіштігі артады. Бұл миға уытты заттар мен қабыну молекулаларының өтуін күшейтіп, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне және нейродегенеративті аурулардың, соның ішінде Альцгеймер дерті қаупінің артуына әкеледі.

Бұған дейін зерттеушілер физикалық белсенділік кезінде бауыр GPLD1 ферментін бөлетінін анықтаған. Алайда бұл ферменттің миға қалай әсер ететіні белгісіз болған, себебі ол қан-тосқауыл арқылы тікелей өте алмайды.

Жаңа зерттеу GPLD1 жанама жолмен - TNAP ақуызы арқылы әсер ететінін көрсетті. Жас ұлғайған сайын TNAP гематоэнцефалиялық тосқауыл жасушаларында жиналып, оны әлсіретеді. Ал жаттығу кезінде бауырдан бөлінген GPLD1 ми тамырларына жетіп, жасуша бетіндегі TNAP ақуызын «кесіп тастайды». Соның нәтижесінде тосқауылдың өткізгіштігі төмендейді.

Тышқандарға жүргізілген тәжірибелер TNAP деңгейін азайту тіпті егде жаста да ми тосқауылының беріктігін арттырып, қабынуды азайтатынын және жады тестілерінің нәтижесін жақсартатынын көрсетті.

Зерттеу авторларының пікірінше, TNAP-қа әсер ететін препараттарды әзірлеу жасқа байланысты когнитивтік бұзылыстардың алдын алудың жаңа тәсілін ұсынуы мүмкін. Ал әзірге миды қартаюдан қорғаудың ең қарапайым әрі қолжетімді жолы - тұрақты дене белсенділігі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қартаю #қорғану
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Король Филипп және Патшайым Матильда Ректорлар форумына қатысты

Бүгін 20:00

Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады

Бүгін 19:30

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесінің төртінші отырысына қатысты

Бүгін 19:00

Биылғы 9 айда экономиканың өсімі 4,2%-ды құрады: Үкіметте әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды

Бүгін 17:45

Алматының кейбір аудандарында көлік қозғалысына уақытша шектеулер қойылуы мүмкін

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);