Меценат И.Салжанов 8 мың кітап сыйға тартты

Меценат И.Салжанов 8 мың кітап сыйға тартты Сурет: Altyn Qyran Foundation қоғамдық қоры

Меценат Исламбек Салжанов еліміздің барлық қалалық және аудандық кітапханаларына инновациялық технологиялар туралы 8 мың кітап сыйға тартты


5 желтоқсанда Астанада кәсіпкер, меценат, Altyn Qyran Foundation қоғамдық қорының негізін қалаушы Исламбек Салжановтың бастамасымен студенттермен кездесу өтті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.



Спикерлер: «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы, «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова, Ұлттық академиялық кітапхананың директоры Ғазиза Нұрғалиева және Блокчейн технологиялары мен деректер орталықтары қауымдастығының басқарма төрағасы Дәурен Қарашев.


 Шара барысында Исламбек Салжанов қазақ тілінің білім берудегі өзектілігіне тоқталып, кітаптарды қазақ тіліне аудару – еліміз үшін басты міндеттердің бірі екенін жеткізді. Сондай-ақ, еліміздегі барлық қалалық және аудандық кітапханаларға 8 мың дана кітап тапсырылатынын хабарлады.



«Бүгін біз, Altyn Qyran Foundation, Қазақстан блокчейн технологиялары және деректер орталықтары қауымдастығы, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасымен және «Қазпошта» АҚ-мен бірлесіп атқарған жақсы жұмысымызбен бөліскіміз келеді. Қазақ тіліндегі жаңа технологиялар туралы төрт әлемдік бестселлер еліміздің барлық қалалық және облыстық кітапханаларының сөрелеріне жіберіледі. Олар «Блокчейн технологиясы», «Ақшаның қысқаша тарихы», «Криптовалюта дәуірі» және «Шындық машиналары» - ең қолжетімді және блокчейн технологиялары, криптоиндустрия, WEB3 қандай екендігі және прогресс қайда жатқаны туралы қызықты 4 әлемдік кітап», - деді меценат.




 Бұл кітаптардың барлығы онлайн форматта «Алтын Қыран» қорының ресми сайтында қолжетімді.



 «Ал қазір біз өте күрделі кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Бәрімізге блокчейн технологиясы, жасанды интеллект, заттардың интернеті, кеңейтілген виртуалды шындық және т.б. сияқты жаңа технологияларды меңгеру керек. Ал болашақта оларға өзіміз де бір нәрсе қосуға тиіспіз. Бұл технологиялар әлі даму сатысында. Ал біз, қазақстандықтар, ең алдымен, жастар осы үдерістердің басында болуымыз керек. Бұл кітаптарды еліміздің барлық 168 аудандық кітапханаларына жеткізу арқылы біз Қазақстанның ауыл жастарының жаһандық инновациялық білімге қол жеткізуіне мүмкіндік береміз. Бұл кітаптарға онлайн қолжетімділік әрбір қазақстандыққа инновациялық технологияларды меңгеруге жол ашады», - деді спикер жастарға.




 Сондай-ақ іс-шарада Блокчейн технологиялары және дата орталықтары қауымдастығының басқарма төрағасы Қарашев Дәурен «Блокчейн, криптоиндустрия және Web3 дегеніміз не» деген тақырыпта баяндама жасады.



 «Блокчейн жаңа технологиялар мен инновацияларды дамытуға айтарлықтай әсер етеді. Бүгінде жас кәсіпкерлер орталықтандырылмаған жобаларды құру, қаржылық инклюзияны жақсарту және білім беру, үкімет, энергетика, логистика, денсаулық сақтау және экономикамыздың басқа секторлары сияқты әртүрлі салалардағы ашықтықты арттыру үшін блокчейнді пайдалануда», - деді ол.




Естеріңізге сала кетейік, Altyn Qyran Foundation қоғамдық қоры қайырымдылық көмек көлемі бойынша Қазақстандағы ең ірі қорлардың ондығына кіреді және үш негізгі бағытта – білім беру, мәдениет және әлеуметтік инфрақұрылым бойынша жұмыс істейді.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:36

11:25

10:36

09:50

09:43

09:01

08:49

08:01

20:25

19:51

19:02

18:49

18:42

18:02

17:38

17:29

16:40

16:24

16:18

15:52

15:31

15:25

15:08

14:22

13:35