ffin.kz

МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ 

МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ  Суреттерді түсірген: Самат

Алатау ауданының тұрғындары Конституция күнін атап өтті


Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесі қарсаңында аудан тұрғындарына арнап «Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата Заң» атты ерекше мерекелік іс-шара өткізді. 



– Елдігі мен теңдігін дүниенің төрт құбыласына паш еткен Тәуелсіз Қазақстанымыздың алтын әріппен жазылған Ата Заңын қабылдағанына  биыл – 27 жыл. Қоғам дамуының негізгі міндеттері мен талаптарына сай келетін  еліміздің Конституциясын дамыған елдер мен халықаралық бірлестіктер танып, біліп, құрмет тұтып мойындап отыр. Ғасырлар қойнауынан сұрыпталып жеткен, ата-бабамызға арман болған тәуелсіз елдің Конституциясы күні отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі күн деп білеміз. Сіздерді айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! – деп сахна шымылдығын ашқан мерекелік кештің жүргізушілері аудан тұрғындарына   құттықтау жолдап, жылы лебіздерін білдірді.




«Нұркент» ықшамауданындағы Атлеттер ауылы аймағында ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға аудан халқы өте көп жиналды. Әлбетте, мұндай салтанатты шаралардың отандық өнер жұлдыздарының қатысуынсыз өтпейтіні белгілі. Аталмыш кеште Роза Рымбаева, Талғат Күзембаев секілді танымал өнер майталмандары әннен шашу шашып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мәдени шарада Алатау ауданындағы шығармашылық ұжымдар да қалыс қалған жоқ. Балалар өнер мектебінің ұйымдастырған концерттік бағдарлама барысында мың бұрала би билеген «Жас өркен», «Ақнұр» секілді жас өнерпаз бишілер тобына сүйсінбеген жан қалмады. Қызыққа толы думанды кеште жас әншілер әуелете ән салып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. 



Алаңның екінші шетінде қазақша күрес, асық ату, арқан тарту, тоғыз құмалақ сияқты ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізілді. Қоғамдық серуендеумен жалғасқан мерекелік көңіл-күй, әсіресе, ауданның кішкентай тұрғындарына ерекше ұнағаны анық. Өйткені, аудан әкімдігі бүлдіршіндер үшін әртүрлі ойын алаңдарын орнатыпты. Батутқа секіріп, әткеншекте шыр айналған бүлдіршіндердің алаңсыз күлкісі Алматы аспанын шайдай жарық етіп, күн сәулесін төкпесіне қоймады. Осылайша ата-әжелерімен, әке-шешелерімен бірге келген кішкентай бүлдіршіндердің бақытты шақтары мен былдырлаған тәтті үні бүгінгі аталып өтіп жатқан мерекенің мағынасын тереңдете түскендей болды.



Еліміздің өркендеуіне және мемлекеттік биліктің қалыптасуына, экономика, әлеумет, мәдениет салаларының қарқынды дамуына жол ашқан айтулы мерекені Алатау ауданының тұрғындары осылай атап өтті. Керемет мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған ұйымдастырушыларға жиналған жұртшылық алғыстарын жаудырды. 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04