Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Мерейтойлық Kitap Fest Almaty кітап фестивалінің к...

Мерейтойлық Kitap Fest Almaty кітап фестивалінің келушілерін не күтеді?

Не? Қайда? Қашан? 09.09.2024, 10:56 1,516
Мерейтойлық Kitap Fest Almaty кітап фестивалінің келушілерін не күтеді?
Сурет: Ашық дереккөзі

«Kitap Fest» кітап фестивалі ‒ бұл жыл сайын еліміздегі ірі мегаполисте кітап сүйер қауымды бір мезетте қауыштыратын алматылықтардың өміріндегі айтулы мәдени-бұқаралық шара. 2014 жылдан бері өткізіліп келе жатқан жоба биыл өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өткелі жатыр. Биылғы фестиваль жылдағыдай қала күніне орайластырылған!

«Kitap Fest» ‒ Қазақстандағы алғашқы және бүгінгі күнге дейін ең ірі кітап думаны саналады. 10 жыл ішінде фестивальге 70-тен астам баспалар мен кітап дүкендері қатысып, белгілі қазақстандық авторлар мен баспалардың қатысуымен 500-ге жуық кітап таныстырылды.

Биылғы жылы «Kitap Fest Almaty» бағдарламасы ерекше. Фестиваль екі күн қатарынан өтеді. Тақырыбы да заманауи «Келешек кітабы».                      

Екі күн бойы келушілерді ауқымды мәдени бағдарлама, қазақстандық жазушылармен және танымал тұлғалармен кездесу, кітап алмасу, көптеген жаңа кітаптардың тұсаукесері, кітаптар көрмесі, шеберлік сыныптары, байқаулар, өлең оқу, балаларға арналған танымдық бағдарлама, мұнымен қоса отандық баспагерлер мен кітап дүкендерінің қатысуымен өтетін үлкен кітап жәрмеңкесі күтеді.
Сонымен қатар, фестивальде дәстүрлі «Ауылға кітап» акциясы өтеді, онда кез келген адам кітапты Қазақстанның ауылдық кітапханаларына тапсыра алады.

KitapFest Almaty 2024 аясында:

•    «Жазушылар шатыры». Жаңа кітаптардың тұсаукесері, авторлар мен жазушылармен сұхбат.
•    «Қазақ қаламгерлері». Қазақ тілді жазушылардың отандық әдебиеттің дамуы туралы баяндамалары.
•    «ZHAS ALASH» шатыры. Қазіргі қоғамның жас көшбасшылары кітап оқудың пайдасы туралы пікір айтып, сүйікті шығармаларымен бөліседі.
•    «Kitap FEST WOMEN» шатыры. Әр түрлі салада жетістікке жеткен әйелдердің дәрістері мен табысқа жетудің құпиялары және т. б.
•    Кітап жәрмеңкесі. 60 жетекші баспа мен кітап дүкендері өз кітап өнімдерін 40% - ға дейінгі жеңілдікпен ұсынады.
•    Сирек кітаптар көрмесі. Қазақстанның Ұлттық академиялық кітапханасымен бірлесіп ұйымдастырылған кітаптар көрмесі.
•    Иллюстраторлар көрмесі. Үздік 35 иллюстратордың жұмысы ұсынылады.
•    «Оқырман ұлттың ұрпағымыз» көрмесі. Мерейтойлары атап өтілетін тұлғалардың мұрағаттық фотосуреттерінен фотоколлаж
•    Елшіліктер көрмесі - робототехника бойынша шеберлік сыныптары, speaking club.
•    «Кітап алмасу». Өз сөреңізді әртүрлі жанрдағы қызықты кітаптармен толықтырудың бірегей мүмкіндігі.
•    Жыр терапиясы- Жас ақындардың өнері, поэзия кеші
•    Зияткерлік ойындар – 3 сұраққа жауап бер де, сыйлық ұтып ал!
•    Балаларға арналған ойын-сауық. (Аниматорлар, шеберлік сыныптары, бет бояуы, тәттілер, түрлі байқаулар).
•    Ұтыс ойындары-1 млн теңгеге 100-ден астам кітап сертификаттары ойнатылады.
•    «Ауылға кітап» акциясы- Фестиваль аясында барлық жиналған кітап ауылдық мектептерге жіберіледі.

Өтетін күні мен уақыты: 14-15 қыркүйек (екі күн қатарынан), 10.00-18.00. (кіру тегін)
Өтетін орны: Алматы қаласы, Арбат алаңы
Ұйымдастырушылар: «BAURZHAN foundation» қоры Алматы қаласы әкімдігінің мәдениет басқармасының және Алматы қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қолдауымен.

Анықтама: BAURZHAN Foundation қоры  әлеуметтік жобаларды жүзеге асырумен айналысады. KITAP FEST фестивалінің мақсаты-өскелең ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқырман мәдениетін дамыту, жазушылар мен олардың оқырмандары үшін бірыңғай алаң құру.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Kitap Fest #BAURZHAN #Оқырман
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Бүгін 16:55

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Бүгін 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Бүгін 14:19

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Бүгін 14:15

Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттауға арналған 2026–2028 жылдарға арналған жоспарды бекітті

Бүгін 14:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика