AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Мердігер таңдауда кең мүмкіндіктер бар

Мердігер таңдауда кең мүмкіндіктер бар

АЭС: Референдум 04.10.2024, 09:50 1,231 Бағдәулет Мұхаметұлы, ҚазҰУ-дың теориялық және ядролық физика кафедрасының аға оқытушысы
Мердігер таңдауда кең мүмкіндіктер бар
Сурет видео скрині
 

Қазіргі уақытта Қазақстанда АЭС салу мәселесіне қатысты түрлі пікірлер айтылуда. Кейбіреулер «ресейлік лобби» туралы айтса да,  бұл жоба үшін мердігер таңдауда кең мүмкіндіктер бар екенін атап өткім келеді.

2019 жылы әлемдік жетекші ядролық технология жеткізушілерінен техникалық-саудалық ұсыныстар алу бойынша маркетингтік рәсімдер өткізілді. Нәтижесінде Оңтүстік Корея, Қытай, Ресей, АҚШ, Франция сияқты бес шет елден алты танымал компанияның 13 реактор түрі бойынша ұсыныстары алынды. Әр реактор қуаты, құрылымы және басқа да сипаттамалары бойынша әртүрлі болды.

Біз бұл ұсыныстарды 20 критерий бойынша қарастырдық және ең перспективалы нұсқаларды іріктеп, шорт-лист жасадық. Бұл тізімге төрт жоба енді, олар: Қытайдың «CNNC» компаниясы (HPR-1000 реакторы), Ресейдің «Росатом» компаниясы (ВВЭР-1200 және ВВЭР-1000 реакторлары), Оңтүстік Кореяның «KHNP» компаниясы (APR-1400 реакторы) және Францияның «EDF» компаниясы (EPR1200 реакторы). Қазіргі уақытта осы компаниялармен АЭС құрылысына қатысты шарттарды талқылау бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Сондай-ақ, Франция Президенті Эммануэль Макронның 2023 жылғы қараша айында Қазақстанға сапары кезінде елімізде атом өнеркәсібін дамыту мәселесі де талқыланды. Одан бөлек, Қазақстан мен Оңтүстік Корея Президенттері 2023 жылдың маусым айында атом энергетикасын бірлесіп дамыту перспективаларын да талқылады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бағдәулет Мұхаметұлы #Мердігер #АЭС
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Таңбалануға тиіс тауарлар тізімі ұлғайды

Бүгін 10:35

Ревматологқа қашан қаралу керек және неге дер кезінде бару маңызды?

Бүгін 10:17

ҰБТ-мен қатар баламалы тест енгізіледі

Бүгін 09:30

Тоқаев бірқатар заңға қол қойды

Бүгін 09:11

28 сәуірде ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика