AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / «Мен сені сүйем, Өмір!» Жарыққа ұмтылған жүректерд...

«Мен сені сүйем, Өмір!» Жарыққа ұмтылған жүректердің әні

Барлығы 10.12.2025, 18:17 454
«Мен сені сүйем, Өмір!» Жарыққа ұмтылған жүректердің әні
Аяжан Серікқызы

Ерекше бір жылулыққа толы, жүректерге күш-қуат сыйлаған мәдени шара өтті. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалы және Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Мен сені сүйем, Өмір!» атты қалалық ән байқауы - мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мерекелік концерт қана емес, өмірге деген құштарлықтың, рухани күштің, адам жанындағы шексіз мүмкіндіктің айқын көрінісі болды.

Биылғы байқау «Халықаралық мүгедектер күні» мен «Халықаралық көз мүгедектері күніне» орай ұйымдастырылды. Мақсат - зағип және нашар көретін жандарға өз өнерін көрсетуге мүмкіндік беру, қоғам назарын олар жасай алатын істерге бұру, сондай-ақ инклюзивті мәдениетті дамыту. Өнер – олар үшін тек хобби емес, өмірдің өзі. Шара басталмай жатып-ақ зал ішінде ерекше толқу сезілді. Жиналған қонақтар мен қала тұрғындары сахнаға шығады деп күтілген өнерпаздардың қуанышын бөлісуге асыққандай. Ал сахна сыртында өз кезегін күтіп тұрған қатысушылардың жүзінде қобалжу да, сенім де, дайындықтың нық ізі де байқалды.
Көпшілігі музыкаға бала күнінен әуестенген. Бірі - гитарамен ән орындады, бірі - эстрадалық бағытта, енді бірі - классикалық шығармаларды шеберлікпен жеткізді. Бұл жандардың өнерін тамашалап, қолдау көрсетуге танымал өнер иелері де келді. Айжан Нұрмағамбетова мен Бек Оралбеков қазылар алқасы ретінде әділ бағасын беріп, жеңімпаздарға сыйлықтарды табыстады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар қатысушыларға ғана емес, қоғамның өзіне де ауадай қажет.

«Біздің мақсат - зағип жандарды аяу емес, олардың мүмкіндігін көрсету. Олар бізден әлдеқайда жігерлі, қайсар. Сондықтан мұндай іс-шараларды тұрақты түрде өткізуді қолға алып келеміз. Келесі жылы осы байқауды филиалдар арасында кеңейтіп, республикалық деңгейге шығаруды жоспарлап отырмыз. Алдыңғы жылы да дәл осы шара өткен болатын. Сол кезде бас жүлде алған қатысушыларды биыл қайта қоспауды жөн көрдік. Бүгін 13 қатысушы өнер көрсетеді. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табысталады. Бас жүлде - 200 000 теңге, бірінші орын - 150 000 теңге, екінші орын — әрқайсысына 100 000 теңгеден екі жеңімпазға, ал үшінші орын - үш қатысушыға 50 000 теңгеден беріледі», - дейді «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің филиал басшысы Алтынай Қоңыратбайқызы.

Байқау барысында әрбір қатысушы өз құлшынысы мен жан дүниесін жүрек тербейтін әндер арқылы көрсетті. Бірі - ата-анасына алғыс арнады, бірі - туған жерді жырлады, енді бірі – өмірді өз көздерімен көруді аңсайтындарын өздерінің авторлық әндерімен жеткізді. Байқаудың атауы кездейсоқ қойылмаған. «Мен сені сүйем, Өмір!» - бұл зағип жандардың өмірге деген ұстанымы іспетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар алғаш рет ұлттық киіммен жаппай мұз айдынында сырғанады

Бүгін 20:06

ЖАҢАРУ МЕН ЖЫЛУЛЫҚ ЖАРШЫСЫ: ҰЛТТЫҚ ҰЛАНДА «НАУРЫЗНАМА» ОНКҮНДІГІ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Бүгін 19:25

Қостанай облысының 4365 педагогі кітап оқу марафонында 15 кітаптан оқыды

Бүгін 18:14

Алматыда Ұлттық киім күніне орай сән көрсетілімдері өтті

Бүгін 18:04

Қаламгер рухына құрмет

Бүгін 17:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика