AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Ресми бөлім / Мемлекет басшысы:«Ұлық мерекеміз – Республика күні...

Мемлекет басшысы:«Ұлық мерекеміз – Республика күні баршаңызға құтты болсын!

Ресми бөлім Бүгін 15:13 43
Мемлекет басшысы:«Ұлық мерекеміз – Республика күні баршаңызға құтты болсын!

Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнімен құттықтады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл – бүкіл халқымыз үшін мән-мағынасы ерекше және қастерлі мейрам! 25 қазанда ақжолтай құжат – Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды.

Дәл сол күні ұлт жылнамасының жаңа кезеңі басталды. Көп ұзамай өз алдына дербес ел атандық. Тарихи әділдік орнап, қасиетті қазақ жеріне Тәуелсіздіктің алтын қазығы қағылды. Сондықтан бұл күнді Ұлы даладағы мемлекеттілік дәстүрі қайта жаңғырған күн деп айтсақ, артық емес.

Биыл біз ұлттық мерекені ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығы  қарсаңында атап өтіп жатырмыз. Қазақстан осы мемлекет тарихының мерейлі межесіне қарқынды дамып келе жатқан, әлем қауымдастығының құрметіне ие болған ел ретінде жетіп отыр.

Халқымыз егемендік жылдарында көптеген белесті абыроймен еңсерді. Ұлттық болмысымыздың мызғымас нышандары – мемлекеттік рәміздеріміз бекітілді. Көк Туымыз Біріккен Ұлттар Ұйымының төрінде желбіреді.

Ұлттық қаржы жүйесі құрылды. Мемлекеттік шекарамыз шегенделді.

Қасиетті Сарыарқаның төрінде, бұрынғы ескі қаланың орнында бүкіл дүние жүзін таңғалдырған, әлем мойындаған жаңа елордамыз – Астананың іргесі қаланды.

Біз бірлігімізді бекемдеп, жер жүзіне бейбітшілік бесігі ретінде танылдық».

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құттықтау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық баспа күніне орай «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты ІІ Халықаралық күзгі мектеп өтеді

Бүгін 16:00

Алматы қаласы сайлау учаскелерінің шекаралары, учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлама

Бүгін 15:54

Алматыда Абылай хан даңғылы мен Момышұлы көшесінің жекелеген бөліктерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 15:43

Қоғамдық келісім – егемендігіміздің мызғымас кепілі

Бүгін 15:39

Жұмысшы мамандық иелері еліміздің өркендеуіне белсене атсалысып келеді

Бүгін 15:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);