Тиісті құжаттың мәтіні Ақорданың ресми сайтында жарияланды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды", – деп жазылған ресми ақпаратта.
Саденов Ержан Сапарбекұлы – Ержан Сәденов 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
1993 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетін, 1998 жылы – ҚР ҰҚК Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған.
I дәрежелі "Даңқ" (2026), I (2024) және II дәрежелі (2018) "Айбын" ордендерімен марапатталған.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды", – деп жазылған ресми ақпаратта.
Қосанов Дәурен Жұматайұлы – 1969 жылы 14 қазанда Павлодар облысы Краснокут ауданы Новотроицкое ауылында дүниеге келген. Армавир жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесін (1990 ж.), Ю.А. Гагарин атындағы Әскери-әуе академиясын (2005 ж.) және Ресей Федерациясы Қарулы күштері Бас штабының әскери академиясын (2013 ж.) бітірген.