конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматы – Бішкек...

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматы – Бішкек автожолын кеңейту жобасы басталды

Мұны білген жөн Кеше 16:03 82 Сұлу
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматы – Бішкек автожолын кеңейту жобасы басталды
Алматы әкімдігі

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматы – Бішкек автожолын кеңейту жобасы басталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы облысының Қарасай ауданында республикалық маңызы бар Алматы – Бішкек автомобиль жолының 19–27 шақырым аралығын қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстары басталды. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлік инфрақұрылымын дамыту және автомобиль жолдарының өткізу қабілетін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылуда.

Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаев, Алматы облысы әкімдігінің, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, Қарасай ауданы әкімдігінің, мердігер ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жобаның техникалық параметрлерімен танысқаннан кейін құрылыс техникасы жер жұмыстарына кірісті.

Қайта жаңғыртылатын жол учаскесі республикалық жол желісіндегі ең қарқынды қозғалыс жүретін бағыттардың бірі саналады. Бұл жолмен тәулігіне 70 мыңнан астам автокөлік қатынайды. Қазіргі төрт жолақты жолдың өткізу қабілеті жеткіліксіз болғандықтан, көлік кептелісі жиі туындап, қозғалыс жылдамдығы төмендейді және Алматы қаласы мен қала маңындағы елді мекендер арасындағы көлік байланысына кері әсерін тигізуде.

«Алматы – Бішкек автожолы тек қала үшін ғана емес, бүкіл Алматы агломерациясы үшін стратегиялық маңызы бар бағыт. Жолды кеңейту оның өткізу қабілетін арттырып, жол жүру уақытын қысқартады, сондай-ақ жүргізушілер мен жолаушылар үшін қауіпсіз әрі жайлы жағдай қалыптастырады», – деді Алмасхан Сматлаев.

Жоба аясында жолдың жүріс бөлігі төрт жолақтан сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі. Сонымен қатар, «таға» үлгісіндегі екі жолайрық, тоғыз жерүсті жүргіншілер өткелі салынып, жол бойына тротуарлар мен заманауи сыртқы жарықтандыру жүйесі орнатылады. Бұдан бөлек, газ құбырлары, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және байланыс желілері қайта жаңартылып, жолға жаңа күрделі үлгідегі жабын төселеді. Жоба 2026 жылдың сәуір айында мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды.

«Бұл жол учаскесін жаңғырту – Алматының көлік жүйесін кешенді дамыту жұмыстарының бір бөлігі. Қазіргі уақытта қалада Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына дейін созылатын алты радиалды жол мен жеті магистральдық көшені салу және ұзарту жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар метро, LRT және SkyTrain жүйелері қатар дамытылып жатыр», – деді Алмасхан Сматлаев.

Жобаны іске асыру нәтижесінде Алматы қаласына кіреберіс және шығаберіс бағыттардағы көлік жүктемесін азайту, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және қала мен қала маңындағы елді мекендер арасындағы көлік қатынасын жақсарту көзделіп отыр. Сонымен қатар жоба Қазақстан мен Қырғызстанды байланыстыратын халықаралық көлік дәлізін дамытуға, сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға және еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жолдар #жол жөндеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы онкологиялық орталығында Ашық есік күні кезінде науқаста бауыр қатерлі ісігіне күдік анықталды

Кеше 22:21

Бас прокуратура комитеті қандай мемлекеттік қызметтер көрсетеді?

Кеше 17:48

Алматыда алты айда 270 заңсыз тексеру анықталды

Кеше 17:41

Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобаларының жүзеге асырылуына бақылау күшейтіледі

Кеше 17:35

Қазақстанда ірімшік пен сүзбе өндірісі 28% артты

Кеше 17:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);