Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының жаңа орынбасарларын тағайындады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Нұржан Хажимұратұлы Каджиақбаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
Геннадий Иванович Зуев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.