Қасым-Жомарт Тоқаев Кран-Монтана тау-шаңғы курортындағы өрт салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Швейцария Конфедерациясының Президенті Ги Пармеланға көңіл айтты, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.
Қазақстан Президенті жақындарынан айырылған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, жарақат алған адамдардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді. Сондай-ақ еліміз осы қиын-қыстау сәтте Швейцария халқын қолдайтынын жеткізді.
Еске салайық, Швейцарияның Кран-Монтана тау шаңғы курортындағы жарылыстан 40 адам қаза тапты. Тағы жүзге жуық адамды күйік шалған. Қайғылы оқиға курорт аумағындағы мерекелік іс-шара кезінде болды. Зардап шеккендерді эвакуациялау үшін 10 тікұшақ жұмылды. Өрттің шығуына жаңа жылдық отшашу себеп болуы мүмкін деген болжам бар. Тергеу жалғасып жатыр.