Мемлекет басшысы Мырзатай Жолдасбековті мерейтойымен құттықтады

Мемлекет басшысы Мырзатай Жолдасбековті мерейтойымен құттықтады Сурет: Total.kz

Мырзатай Жолдасбековке құттықтау жеделхатын жолдады




Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековті 85 жасқа толуымен құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 



«Халқымыз өзіңізді мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, қарымды қаламгер ретінде жақсы біледі және құрметтейді. Ұстаздықтан басталған еңбек жолыңызда министр, Премьер-Министрдің орынбасары, Елші, университет ректоры, Президенттік орталықтың басшысы сияқты жауапты лауазымдарды абыроймен атқарып, еліміздің мәртебесі мен беделінің арта түсуіне атсалыстыңыз. Әдеби қазынамыздың қайнар бұлағы болған ақын-жыраулардың шығармашылығын жаңа қырынан көрсетіп, қазақ үшін айтыс өнерінің айрықша рөл атқаратынын дәлелдеп бердіңіз. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін терең зерделедіңіз. Сіздің қаламыңыздан шыққан «Ежелгі әдебиет нұсқалары», «Күлтегін», «Асыл сөздің атасы», «Кісілік кітабы», «Таңғаламын өмірдің ғажабына» және басқа да кітаптарыңыз – ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мен жаңғыртудың жарқын үлгісі. Алдағы уақытта да қоғамдық-саяси істерге белсенді атсалысып, ел-жұрттың шынайы құрметіне бөленіп, мерейіңіздің үстем бола беруіне тілектестік білдіремін», – деп жазылған құттықтау жеделхатында.




Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:41

21:25

19:35

19:33

17:57

17:55

17:54

17:50

17:47

17:42

17:37

17:10

17:07

16:50

16:36

16:25

16:04

15:59

15:42

15:34

15:17

15:01

14:51

14:43

14:32