AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы бизнеске қатысты заңға қол қойды

Мемлекет басшысы бизнеске қатысты заңға қол қойды

Саясат 06.04.2024, 10:54 1,101
Мемлекет басшысы  бизнеске қатысты заңға қол қойды
Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.


Заң бизнес субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалау формаларын ретке келтіруге, бизнесті жүргізу жағдайларын жақсартуға бағытталған.


Нақтырақ айтқанда, салалық заңдар деңгейінде жедел ден қою шараларын қолдану, тергеу жүргізу тетіктері, бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі айқындалды.


Бірнеше салада бизнесті жүргізу жағдайларын жақсартатын өзгерістер мен  толықтырулар, соның ішінде


– балық шаруашылығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы перспективалы жер учаскелерінде балықты жасанды жолмен өсіру мүмкіндігін қарастыратын;


– өсімдіктер карантиніне байланысты карантинге жатқызылған өнімнің орнын ауыстыруға әкімшілік жүктемені азайтуды; (фитосанитариялық сертификаттың күшін жоюды);


– өнеркәсіп саласында отандық өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын өз елімізде шығатын шикізатпен қамтамасыз етуді:


– мұнай-газ саласында шикі мұнайдан қайта өңделген өнімдердің шығу тегін растайтын құжаттар тізбесін нақтылауды;


– қаржы нарығында банктермен өзара іс-қимыл жасау кезінде бизнес үшін рәсімдерді жеңілдетуді;


– заңды тұлғаларды тіркеу кезінде заңды тұлғалар мен олардың филиалдарын және т.б. мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің электрондық форматына ауыстыруды көздейтін бірқатар түзету енгізілді.


Аталған шаралар кәсіпкерлікпен айналысу үшін қолайлы жағдай туғызуға, жүргізілетін тексерулердің ашықтығын, сондай-ақ тұтынушылар, кәсіпкерлік субъектілері және мемлекет мүдделері арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге арналған.


Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #заң #құқық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Бразилияның сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады

Кеше 20:10

"Анашым, мен сені жақсы көремін": Алматыда мейірім мен қайырымдылықтың мерекесі өтті

Кеше 18:42

Алматыда этномәдени бірлестік өкілдері Аналар күнін атап өтті

Кеше 17:27

Тамақтан уланбау үшін не істеу керек? Маман кеңесі

Кеше 16:50

Қазақстандық дзюдошы Марат Байқамуров Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды

Кеше 15:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);