конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Мектеп автобустары және қашықтан жұмыс істеу: Алма...

Мектеп автобустары және қашықтан жұмыс істеу: Алматы әкімдігі көлік жүктемесін азайту үшін қандай шаралар қабылдады

Білім және ғылым Бүгін 16:34 59
Мектеп автобустары және қашықтан жұмыс істеу: Алматы әкімдігі көлік жүктемесін азайту үшін қандай шаралар қабылдады
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Оқушыларды тасымалдау үшін 60 мектепке 300 мектеп автобусы жұмылдырылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда қыркүйектің алғашқы күндері қаланың көлік инфрақұрылымына түсетін жүктеме айтарлықтай артпақ. Жаңа оқу жылының басталуына байланысты жолда жеке автокөліктер мен жүргіншілер саны бір мезгілде көбейеді. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік жүктемесін азайту және қала тұрғындарының жайлы жүріп-тұруына жағдай жасау мақсатында Алматы әкімдігі бірқатар ұйымдастырушылық шара қабылдады.

Мектептер мен оқушылар

Оқушыларды тасымалдау үшін 60 мектепке 300 мектеп автобусы жұмылдырылады. Олар 13 мыңнан астам баланы қамтиды.

Білім беру ұйымдарының маңында жол қозғалысын реттеу күшейтіледі. 1 қыркүйек күні таңертең мектептердің маңында, жүргіншілер өткелдерінде және көлік қозғалысы ең көп учаскелерде 470 полиция қызметкері кезекшілік атқарады.

Тұрғындардан жеке автокөлікпен мектептің кіреберісіне дейін бармау және мүмкіндігінше балама қозғалыс тәсілдерін алдын ала қарастыру сұралады.

Қоғамдық көлік және метро

Жаңа оқу жылының алғашқы екі аптасында жолаушылар тасымалына деген қосымша сұранысты қамтамасыз ету үшін қоғамдық көліктің жұмысы күшейтіледі.

Қолданыстағы 3 200 автобусқа қосымша резервтен 500-ге жуық автобус шығарылады. Бұл жолаушылар саны жоғары бағыттардағы жылжымалы құрам санын арттырып, қарбалас уақытта қозғалыс аралығын қысқартуға мүмкіндік береді.

Метро жұмысы да күшейтіледі. Пойыздар саны 11-ден 13 құрамға дейін көбейтіліп, таңғы уақытта қозғалыс аралығы 3 минутқа дейін қысқарады.

Қауіпсіздікті күшейту

Жаңа оқу жылы қарсаңында әкімшілік полициямен бірлесіп, білім беру ұйымдарының маңындағы жол инфрақұрылымының жағдайы тексерілді.

Тексеру барысында бағдаршамдарға, жол белгілері мен жол таңбаларына ерекше назар аударылды. Соның нәтижесінде 140-тан астам ескерту бойынша кемшіліктер жойылды. Барлық білім беру ұйымының маңында қажетті жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ, мектеп аумақтары тәулік бойы бейнебақылауда болады.

Жүк көліктерінің қозғалысын шектеу

Қыркүйектің алғашқы аптасында жүк көліктерінің қозғалысына бақылау күшейтіледі.

Қолданыстағы шектеуге сәйкес, салмағы 8 тоннадан асатын жүк көліктерінің белгіленген учаскелерде сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін жүруіне тыйым салынады. Бұл шектеудің қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тасымалдарға қатысы жоқ.

Жұмысты ұйымдастыру

Қала орталығында орналасқан ірі компанияларға, банктерге және басқа да ұйымдарға қыркүйектің алғашқы күндері қызметкерлердің бір бөлігін уақытша қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру мүмкіндігін қарастыру немесе жұмыс күнінің басталу уақытын икемді ету ұсынылды.

Өз кезегінде әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері мен оларға қарасты ұйымдар 2026 жылы 1-5 қыркүйек аралығында қызметкерлердің бір бөлігін қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру шараларын қабылдап, сондай-ақ қоғамдық көлікті пайдалануды ұсынады.

Қала тұрғындарынан бағытын алдын ала жоспарлау, мүмкіндігінше таңғы уақытта жеке автокөлікпен жолға шықпау, сондай-ақ қоғамдық көлік пен метроны пайдалану сұралады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

250 мың көрермен жиналды: Қарағандыда Кеншілер күніне арналған ауқымды концерт өтті

Бүгін 17:05

Үржар ауылындағы әуежай терминалы жаңғыртылып жатыр

Бүгін 16:06

Атырауда 277 келі бекіре балығын заңсыз тасымалдаған күдіктілер ұсталды

Бүгін 15:02

Ғабит Мүсірепов театры Шри-Ланкадағы халықаралық фестивальде екі жүлде иеленді

Бүгін 14:07

Лозаннадағы Grand Slam: қазақстандық дзюдошы алтын медальды жеңіп алды

Бүгін 13:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);