AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Мефедрон есірткісін таратушы 15 жылға бас бостанды...

Мефедрон есірткісін таратушы 15 жылға бас бостандығынан айырылады

Заң мен тəртіп 27.11.2023, 04:16 1,315
Мефедрон есірткісін таратушы 15 жылға бас бостандығынан айырылады
polisia.kz

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары студенттер мен оқушыларды сақ болуға шақырады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz  Polisia.kz сілтеме жасап.


Студенттер арасында жүргізілген сауалнамалар олардың есірткі қылмысы үшін берілетін жазадан хабарсыз екенін көрсетті. Мысалы, мефедрон сияқты синтетикалық есірткінің 1,5 грамын сатқаны үшін 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.


Полиция жатақханаларда рейдтер ұйымдастырды. 


Біріншіден, жатақханаларда тұратын студенттерге кез келген психоактивті заттарды қолданудың салдары, сондай-ақ есірткі сатуға қатысқаны үшін жаза туралы ескертіледі. 


Екіншіден, рейд барысында кинологтар жатақханаларда есірткінің бар-жоғын тексереді. Бір апта ішінде еліміздің әртүрлі өңірінде есірткінің қолданылуын немесе таралуын анықтау және есірткі қылмысы үшін жауапкершілікті түсіндіру үшін колледждер мен жоғары оқу орындарының жатақханаларында қызметтік-іздестіру иттерін пайдалана отырып, осындай 25 рейд өткізілген. 



Студенттер мен жасөспірімдер есірткі дилерлеріне тез алданады. Олар тәуелсіз өмірді бастап, бос уақытында ақша табуға тарысады. Алайда жастар кез келген заңсыз әрекетке жаза қарастырылғанын білмейді. Ішкі істер министрлігінің міндеті – әрбір оқушы мен студентке осындай табыстың салдары туралы ескерту. 16 жастан бастап есірткі қылмысы үшін заң алдында жауап беруге тура келеді, – деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Бақытжан Әмірханов.



Оның айтуынша, есірткі жасырушылар немесе курьерлер 7 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын алады. 



Интернетте есірткіні жарнамалау, насихаттау, белгілі бір есірткі туралы форумдарда оң пікірлер үшін 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, – деді ІІМ өкілі.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Студент #оқушы #есірткі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласында «AMANAT» партиясының «QAISAR» партиялық жобасы аясында «Сарбаз болғым келеді» атты әскери-патриоттық акция өтті

Бүгін 10:15

Алматыдағы автопарктердің бірінен катализаторсыз автобустар анықталды

Бүгін 09:48

Такси жүргізушілері нені білуі тиіс?

Бүгін 09:21

Әкімдіктен Үкіметке

Бүгін 09:02

Халықаралық білім беру корпорациясының әскери кафедрасында студенттердің әскери ант қабылдауына арналған салтанатты рәсім өтті

Бүгін 08:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);