AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мәулен Әшімбаев Рим папасымен кездесті

Мәулен Әшімбаев Рим папасымен кездесті

Саясат 07.11.2021, 05:30 1,742 Almaty-akshamy
Мәулен Әшімбаев Рим папасымен кездесті
Cурет: 24.kz

Кездесуде Ауғанстандағы жағдай, жаһандық климаттың өзгеруі сөз етілді


Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Ватиканға жұмыс сапары аясында Рим Папасы Францискпен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. 


Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу барысында Мәулен Әшімбаев Понтификке Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне шақыру хатын табыс етті. 


Сұхбат кезінде Сенат спикері Қазақстанның конфессияаралық келісімді нығайтуға және жаһандық дінаралық диалогты ілгерілетуге бағытталған бастамалары туралы айтып, олардың Ватиканның қызметімен тығыз байланысты екеніне назар аударды. 



«Этносаралық бейбітшілік және келісім, әр азаматтың діни көзқарасына деген құрмет қазақстандық мәдениет пен менталитеттің ажырамас бөлшегі. Біз толеранттылықты сақтауға және оны дәріптеуге баса мән беріп келеміз. Сол себепті, біздің Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев 2003 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін шақыру туралы бастама көтерді. Бұл Форумның жұмысын дамытуға Съезд хатшылығының басшысы ретінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтарлықтай үлес қосты»,– деді Мәулен Әшімбаев. 



Сондай-ақ ол Ватиканның еліміздің аталған бастамасына қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін алғыс білдірді. 


Алдағы съезде пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың рухани-әлеуметтік дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің рөлін талқылау жоспарланып отыр. Осыған орай тараптар дін қайраткерлері пандемиямен және оның әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық салдарымен күреске үлкен үлес қоса алатынына сенім білдірді. 


Рим Папасы Франциск Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа келесі жылы қыркүйекте өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне қатысуға Қазақстанға шақырғаны үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ Понтифик Елбасының съезді шақыру туралы бастамасының маңызды екеніне назар аударып, Қазақ елінің жаһандық дінаралық диалогты дамытуға айтарлықтай рөл қосып отырғанын атап өтті.


Сұхбаттасушылар күн тәртібіндегі халықаралық маңызды мәселелерді де талқылады. 


Атап айтқанда, Ауғанстандағы жағдайға жаһандық климаттың өзгеруіне және тағы басқа түйткілдерге назар аударды. Бұдан басқа Мәулен Әшімбаев бүгін Ватиканның мемлекеттік хатшысы Пьетро Паролинмен кездесіп, Қазақстан мен Ватикан арасындағы ынтымақтастық мәселелерін сөз етті. 


Сонымен бірге Қазақстан Сенатының төрағасы сапар аясында Папа кеңесінің дінаралық диалог жөніндегі президенті кардинал Мигель Анхель Аюсо Гиксотпен кездесті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Рим папасы #Мәулен Әшімбаев #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Бүгін 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Бүгін 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Бүгін 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Бүгін 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);