AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / "Мас күйінде айдап кеткен". Ақтөбеде клиентінің кө...

"Мас күйінде айдап кеткен". Ақтөбеде клиентінің көлігімен апатқа ұшыраған автосервис шебері 4 жылға сотталды

Оқиға 06.04.2026, 11:49 177 Дина
"Мас күйінде айдап кеткен". Ақтөбеде клиентінің көлігімен апатқа ұшыраған автосервис шебері 4 жылға сотталды

Ақтөбеде клиенттің көлігін рұқсатсыз мініп кеткен автосервис шебері сот үкімімен 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Оқиға салдарынан көлікті жөндеуге шамамен 8 миллион теңге қажет болған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс материалдарына сүйенсек, Ақтөбе тұрғыны 2024 жылы шығарылған Kia Sportage автокөлігін несиеге сатып алған. Кейін көліктегі жеңіл зақымдарды жөндетіп, сырлатпақ болып, танысының кеңесімен шеберге жүгінген. Жөндеу құны 250 мың теңгеге бағаланып, көлік иесі кешкі уақытта темір тұлпарын кілтімен бірге қалдырып кеткен. Сондай-ақ ол алдын ала 150 мың теңге төлеген.

Алайда арада бірнеше сағат өткен соң шебер көлік иесінен рұқсат алмастан, клиенттің автокөлігімен Алға қаласына жөндеу мен бояуға қажет құрал-жабдық алуға кеткен. Ол жаққа аман жеткенімен, ауа райының қолайсыздығы мен жолдың жабылуына байланысты бірден қайта алмаған.

Кейін шебер досымен бірге көлік ішінде алкоголь ішкен. Артынша дүкенге бармақ болып, рөлге отырған сәтте көлікті басқара алмай, жол апатына ұшыраған. Көлік иесі бұл жағдай туралы тек келесі күні полициядан естіген.

Сараптамаға сәйкес, көлікті қалпына келтіру құны шамамен 8 миллион теңгені құраған. Айыпталушы шығынды толық өтей алмағандықтан, ірі көлемде залал келтіре отырып, автокөлікті заңсыз иелену бабы бойынша сотқа тартылған.

Сот барысында 48 жастағы шебер кінәсін толық мойындаған. Үкім шыққанға дейін ол тек 2 миллион теңге өтеген. Ал жәбірленуші қалған 5 миллион теңгеден астам соманы өндіріп беруді сұрап, соттан айыпталушыны бас бостандығынан айырмауды өтінген.

Соған қарамастан, сот автосервис шеберін жалпы режимдегі колонияда 4 жыл жазасын өтеуге үкім етті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Бүгін 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Бүгін 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07

BilimClass электрондық журналы 25 мамырға орай ерекше науқан бастады

Бүгін 14:43

Енді несие беру табысқа қарай шектелуі мүмкін

Бүгін 14:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);