AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі қызметін...

Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі қызметінен босатылды

Саясат Бүгін 10:15 38
Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі қызметінен босатылды
Орталық коммуникациялар қызметі

Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Марат Сұлтанғазиев Алматы облысын төрт жылдан астам уақыт басқарды. Ол өңір әкімі қызметіне алғаш рет 2022 жылғы 11 маусымда тағайындалған. Сол жылдың желтоқсанында қайта тағайындалып, қызметін жалғастырды.

Марат Сұлтанғазиев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін экономист-қаржыгер, Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде іскерлік әкімшілендіру бойынша магистр дәрежесін алған.

Еңбек жолын салық органдарында бастаған. Кейін Қаржы министрлігінде және Президент Әкімшілігінде бірқатар басшылық қызмет атқарды. 2018-2021 жылдары Мемлекеттік кірістер комитетін басқарды. 2021-2022 жылдары қаржы вице-министрі, кейін бірінші вице-министр болды.

2019 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.

Оқи отырыңыз: Президент тапсырмалары: ауыл шаруашылығында 13,5 млн гектар жер қайта бөлінді

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстандағы қалалардың, өзен мен тау атының тарихын таныстыратын платформа құрылады

Бүгін 10:32

Қазақ тілін жасанды интеллект дәуіріне бейімдейді

Бүгін 10:29

Ұлттық ұлан батыры оқушылармен кездесті

Бүгін 09:51

Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы Халықаралық планетаны көгалдандыру күнін жариялады

Бүгін 09:24

Еліміздің басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 09:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);