Маусымның үшінші жексенбісінде атап өтілетін Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасы Марат Пашимов институттың қызметі туралы айтып берді.
Біздің қызметіміздің басым бағыттары – халыққа жоғары технологиялық, мамандандырылған және білікті медициналық көмек көрсету, қызметіміздің негізгі бейіні бойынша өңірлердің денсаулық сақтау ұйымдарына ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Ғылыми және білім беру қызметімен айналысамыз. Білім беру қызметі жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша кәсіптік білім беруді, резидентура арқылы кадрлар даярлауды қамтиды. Ақпараттық және телемедициналық технологияларды дамыту бойынша жұмыс жасаймыз.
2024 жылы институт халықаралық стандарттарға сәйкестігін қайта растағанын және JCI қайта аккредиттеу рәсімінен өткенін атап өткім келеді. JCI аккредитациясы пациенттерге клиникаға сене алатынын көрсетеді. Ұлттық аккредиттеудің жоғары санатын да тағы растадық. Жоғары санатты растауымыз - денсаулық сақтау жүйесіндегі ұлттық сапа стандарттарын сақтай отырып, сапалы, уақытылы және қолжетімді медициналық көмек көрсетуге деген ұмтылысымыз бен қабілеттерімізді дәлелдедік.
Дәрігерлерлеріміз тұрақты түрде білімдерін жетілдіріп отырады. Медицина ғылымы үнемі өзгеріп отырады және дәрігерлер соңғы жетістіктерден хабардар болуы керек. Бізде барлық кардиохирургиялық, рентгенэндоваскулярлық және интервенциялық аритмологиялық операциялар жасалады. Пациенттердің жағдайының ауырлығын ескере отырып, клиникада жасалатын операциялардың 90%-ы - V-VII санаттағы күрделі операциялар. Олар - Алматыда алғашқы донорлық жүрек трансплантациясы, LVAD имплантациясы - донорлық жүрек тапшылығына байланысты жүрек трансплантациясына балама болып табылатын сол жақ қарыншаның механикалық көмекші құрылғысы. Қолқа қақпақшасын эндоваскулярлық имплантациялау (TAVI) бойынша жоғары технологиялық кардиологиялық операциялар, жүрек ырғағы бұзылыстарының термиялық катетерлік аблациясының барлық түрлері, оның ішінде ең күрделі аритмиялардың аблациясы орындалады. Құрылғылардың барлық түрлері имплантацияланады. Біз сол жақ жүрекше құлақшасы окклюдерін имплантациялайтын жалғыз орталықпыз.
Бізде аутоиммунды патологияны диагностикалаудың барлық спектрі, аллергологиялық диагностиканың толық панелі бар. Клиникамызда жұмыс істейтін еліміздің жетекші мамандары орфандық патологиясы бар науқастарды емдейді. Бүйрек, бауыр, ұйқы безі патологиясын диагностикалаудың барлық спектрін кеңейтудеміз. Өткен жылдан бастап қалқанша безінің қатерсіз түйіндерінің радиожиілік абляциясын жасаймыз. Бұл әдіс - қалқанша безінің түйіндерін хирургиялық жолмен алып тастауға тамаша балама.
Осы жетістіктердің артында адамдар тұр. Институтымызда еліміздің ең білікті мамандары жұмыс істейді: профессорлар, медицина ғылымдарының докторлары, кандидаттары және магистрлері, бұл – гематолог-дәрігер, трансфузиолог Олег Ромуальдович Хан. Ол біздің институтта интернатураны бітіріп, 2001 жылдан бері жұмыс істейді: резидент дәрігер, ғылыми қызметкер, ішкі аурулар кафедрасының ассистенті, №1 терапия бөлімшесі меңгерушісі. ҚР Гематологтар қауымдастығының және Ресейдің Тромбоз, клиникалық гемостазиология және гемореалогия жөніндегі мамандардың ұлттық қауымдастығының мүшесі. Ол қарапайымдылық, жауапкершілік, адамгершілік және мейірімділік сияқты қасиеттерімен ерекшеленеді.
№2 терапия бөлімшесінің меңгерушісі Майса Байұзаққызы Калыкова - жоғары санатты ревматолог дәрігер, медицинада 17 жылдық тәжірибесі бар жоғары білікті маман. Ол басқаратын бөлімшеде инновациялық және заманауи емдеу әдістері, республиканың түкпір-түкпірінен келетін аутоиммунды патологиясы бар пациенттерге гендік-инженерлік (биологиялық) терапия қолданылады. Бұл терапия стандартты терапия режимі тиісті әсер етпейтін, ауруды бақылауға, ремиссияға қол жеткізуге, аутоиммунды аурулары бар науқастардың өмір сүру сапасы мен ұзақтығын арттыруға мүмкіндік беретін жағдайларда қолданылады. Бұл терапияның сәттілігінің негізгі факторы – гендік-инженерлік биологиялық терапияны қолдану тәжірибесі мен біліктілігі жеткілікті дәрігерлердің болуы.
Жоғары санатты кардиолог, аритмолог дәрігер Георгий Александрович Бердышев Консультациялық-диагностикалық орталығында жұмыс істейді. Бізде кардиология мамандығы бойынша клиникалық ординатураны бітірді, содан бері 2000 жылдан бастап институтта жұмыс істейді: ақылы, кардиология, кардиологиялық оңалту бөлімшеслерінде, күндізгі стационарда. Пациенттер дәрігерге үнемі ризашылығын білдіреді.
Марат Орынбасарұлының айтуынша, дәрігер мамандығындағы ең бастысы - бар білімін қолдана отырып, адамға дер кезінде көмек көрсету. Дәрігердің кішігірім қателікке де құқығы жоқ. Сондықтан дәрігер үшін - медицина ғылымының барлық қыр-сырын меңгеру, шеберлікті меңгеру маңызды
Биылғы жылы институт алдында кадрлардың біліктілігін арттыру, емдеу мен диагностиканың инновациялық әдістерін енгізу, жүрек трансплантациясын одан әрі дамыту, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамыту, ғылымды одан әрі дамыту, кадрлық әлеуетті күшейту сияқты жаңа міндеттер тұр.