AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / МӘМС: 2023 жылы кім қанша жарна төлейді?

МӘМС: 2023 жылы кім қанша жарна төлейді?

Медицина 13.01.2023, 12:16 2,031 Almaty-akshamy
МӘМС: 2023 жылы кім қанша жарна төлейді?
Сурет: Ашық дереккөзі

БЖТ қала тұрғындары үшін 1 айлық есептік көрсеткіш, ауылда 0,5 АЕК көлемінде белгіленген


2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленетін жарналар мен аударымдар мөлшері өзгерді. Биыл кім қанша жарна төлейді? Жарна көлемінің өзгеруіне не түрткі болды? Осы мәселеге қатысты сұрақтарға Медициналық сақтандыру қорының Алматы филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев жауап берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


 «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңда ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мен айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері белгіленген болатын. Ол бойынша биыл: 
• Ең төменгі жалақы – 70 000 теңге;
• Айлық есептік көрсеткіш – 3 450 теңгені құрап отыр.


Филиал басшысы жарна төлеушілердің бірнеше санатын атап өтті. Біріншісі – мемлекет тарапынан сақтандырылатын 15 жеңілдік санаты. Оған балалар, зейнеткерлер, ҰОС ардагерлері, барлық топтағы мүгедектер, «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған көп балалы аналар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, декретте отырған аналар, мүгедек бала күтіміне байланысты жұмыс істемейтін азаматтар, студенттер т.б. кіреді. Жеңілдік берілген халықтың жалпы саны 11 миллионға жетіп жығылады.


Атап айтқанда, биыл жұмыс берушілер қарамағындағы қызметкерлер үшін бұрынғыша, жалақының 3% мөлшерінде аударым жасайды.Төлемнің шекті мөлшері 10 ЕТЖ немесе 21 мың теңгеден аспайды. Жұмыс беруші аударымды өз қалтасынан төлейді. Ал, жұмыскерлер жалақысынан 2% ұстап Қорға аударады. Жарнаның шекті мөлшері 10 ЕТЖ немесе 12 мың теңгеден аспауы тиіс.


Одан кейінгі санат – жеке кәсіпкерлер. Нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар да осы санатқа кіреді. Олар бұрынғыша 1,4 ЕТЖ-ның 5 процентін төлейді. Биыл ең төменгі жалақының өсуіне байланысты бұл сома 4 900 теңгеге жетті.


Азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша еңбек ететіндер сақтандыруға бұрынғыша табысының 2% аударады.


«Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар бар. Олардың жалпы саны 1 миллионға жуықтайды. Бұл азаматтар сақтандыру жүйесіне қосылу үшін екі түрлі әдісті пайдаланса болады. Біріншісі – дербес төлеуші ретінде бір ЕТЖ-ның 5% немесе 3 500 теңге төлеу. Екіншісі – бірыңғай жиынтық төлем төлеу. БЖТ қала тұрғындары үшін 1 айлық есептік көрсеткіш, ауылда – 0,5 АЕК көлемінде белгіленген. Биыл 1 АЕК 3450 теңгені құрайды», - деді Тілеухан Әбілдаев. 


БЖТ төрт түрлі міндетті төлемнен тұрады:   
• Жеке табыс салығы;
• Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік төлемдер;
• Зейнетақы жарнасы;
• МӘМС жарнасы.
Сақтандыру жүйесіне қатысты толығырақ мәліметті 1406 бірыңғай байланыс орталығынан алуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#МӘМС #жарна #төлем
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);