AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Мәжіліс депутаттары су алған елдімекендерді аралад...

Мәжіліс депутаттары су алған елдімекендерді аралады

Оқиға 21.03.2022, 13:00 1,251 Almaty-akshamy
Мәжіліс депутаттары су алған елдімекендерді аралады
Cурет: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаттары Қайнар Абасов, Берік Бекжанов, Сырым Ертаев және Ғани Ташқараев Түркістан облысындағы су алған елдімекендерге барды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



Атап айтқанда, Мақтаарал ауданында нөсер жауынның салдарынан ауданның 16 елдімекенде су деңгейі көтерілген. «Қазгидромет» мәліметінше, 11-18 наурыз аралығында жауын-шашынның мөлшері 87,7 мм болды, ал орташа айлық нормасы 51 мм құрайды. Осының салдарынан Сырдария өзенінің, жер асты су деңгейі көтерілген. Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының айтуынша, Сырдария өзенінің деңгейі соңғы аптада үш еседен асқан. Шардара су қоймасында 5 млрд. м3 су жиналып, Сырдария өзенінің арнасымен Қызылорда облысының және «Көксарай» контррегуляторына су ағызылуда. Төтенше жағдайлар мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің бірлескен әрекетінің нәтижесінде су тасқынының салдарын алдын алды. 
Депутаттар сапар барысында дренаждық коллектордың, су тасқынының зардаптарын жою жұмыстарымен таныстып, апат салдарын жою жөніндегі аудандық штабтың жұмысына қатысып, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Қайнар Абасовтың айтуынша, өңірде көтерілген негізгі мәселелер – тік дренаждардың тапшылығы және жер асты суларын ағызуға арналған көлденең дренаждардың нашар жағдайына байланысты жер асты суларының жоғары деңгейі. Сондай-ақ «Қазводхоз» филиалында тік дренаждарды күтіп ұстауға және жөндеуге қаражаттың жоқтығы. Мекеменің электр қуатының қаржысын төлеуге мүмкіндіктері жоқ. Су тасқынынан болған залалды жою жұмыстары жергілікті бюджет есебінен қаржыландырып, коммерциялық кәсіпкерлік нысандарын қалпына келтіруге қаржы қарастырылмаған.
Өз кезегінде, депутаттар аталған мәселелерді ерекше бақылауға алып, Парламентте талқылайтындарын айтты. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Су алған елдімекендер #Депутаттар #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Күштірек, жылдамырақ, ақылдырақ: Алматы жастары «Бес қару» сынынан өтті

Кеше 18:39

Қазақстан мен Әзербайжан «ТурАн» атты бірлескен туроператорды іске қосты

Кеше 18:37

Астанада тіс емдетуге барған 20 жастағы жігіт көз жұмды

Кеше 17:51

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жергілікті сенбілік өткізілді

Кеше 15:57

Алматы қаласының әкімі  кітап оқу эстафетасын жалғастырды

Кеше 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика