Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Маймыл шешегіне байланысты Калифорнияда төтенше жа...

Маймыл шешегіне байланысты Калифорнияда төтенше жағдай жарияланды

Әлем 03.08.2022, 05:36 1,280
Маймыл шешегіне байланысты Калифорнияда төтенше жағдай жарияланды
Сурет: 24.kz

Індет жұқтырғандар саны өскен сайын вакцина жетпей жатыр. 


АҚШ-тың осымен үшінші штатында маймыл шешегінің өршуіне байланысты төтенше жағдай енгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz cnbc.com-ға сілтеме жасап.



Калифорния губернаторы Гэвин Ньюсомның айтуынша, төтенше жағдай жариялау мемлекетке вакциналау жағынан көмектеседі. Калифорния шұғыл медициналық көмек қызметкерлерін вакциналауға көмектесуге жұмылдырады. Ньюсом мырза тестілеу, контактілерді іздеу және халықты ақпараттандыру арқылы вирустың таралуын бәсеңдету үшін бар күшін салып жатқанын айтты.



Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының мәліметтері бойынша, АҚШ-тың 48 штатында 6000-ға жуық маймыл шешек ауруы тіркелген. Денсаулық сақтау органдары мамыр айында алғашқы жағдай расталғаннан бері ауру тез таралғанын айтады.


Тіркелген шешек ауруының 47%-ы Калифорния, Иллинойс және Нью-Йорк сынды елдің ірі үш қаласында анықталған. Нью-Йорк – АҚШ-тағы індеттің эпицентрі болып саналады. 



Маймыл шешегі сирек жағдайда өлімге әкеледі және осы уақытқа дейін АҚШ-та бірде-бір өлім тіркелген жоқ. Ғалымдар мен денсаулық сақтау саласының өкілдері егер ауру оқшауланбаса, маймыл шешегі АҚШ-та үнемі таралуы мүмкін деп алаңдайды.
Өткен айда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегін жаһандық төтенше жағдай деп жариялады. ДДСҰ мәліметтері бойынша, кем дегенде 78 елде 19 мыңнан астам маймыл шешегі ауруы тіркелген. Вирус Солтүстік Америка мен Еуропада кеңінен таралатындықтан, індет ерекше емес. Бұрын маймыл шешегі батыс және Орталық Африкада төмен деңгейде таралған, онда вирус кеміргіштер мен басқа да жануарлар арқылы тасымалданады.



Маймыл шешегі негізінен жыныстық қатынас кезінде терімен жұғады. Қоғамдық денсаулық сақтау өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта гейлер мен бисексуалдардың жұқтыру қаупі жоғары. CDC мәліметтері бойынша, пациенттердің шамамен 98%-ы ер адамдармен жыныстық қатынасқа түскен ер адамдар екені анықталды.



Дегенмен денсаулық сақтау қызметкерлері осы ауруға тән бөртпесі бар адамнан немесе сүлгі секілді ластанған материалдар арқылы ауыру жұқтыруы мүмкін екенін бірнеше рет атап өтті. Өткен айда CDC АҚШ-та балаларға вирус жұқтырудың алғашқы екі жағдайын растады, оларға отбасылық заттар арқылы берілуі мүмкін.



Сонымен бірге адам аузынан шыққан ауа түйіршіктерімен де жұғуы мүмкін, бірақ бұл ұзақ уақыт бетпе-бет келген жағдайда болуы мүмкін. Денсаулық сақтау өкілдерінің айтуынша, инфекцияның негізгі таралу жолы физикалық байланыс болып табылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#маймыл #шешек #Калифорния
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Жас бүркіт-2026» әскери-патриоттық жастар жиыны өтті

Бүгін 10:54

Ұмытшақтықтың астарында қандай мәселе жатуы мүмкін?

Бүгін 10:38

Әлемдік шахматтың жас жұлдыздары Алматыдағы Оқушылар сарайында қонақта болды

Бүгін 10:16

Алматыда 110 миллион теңге жинаған қаржы пирамидасының ісі сотқа жолданды

Бүгін 10:12

Алматы қаласының Алатау ауданында №29 қалалық емхана базасында МСАК үздік тәжірибелер орталығы ашылды

Бүгін 09:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика