AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы құшағында / «КҮНШУАҚ» жазғы ойын-сауық алаңы ашылды

«КҮНШУАҚ» жазғы ойын-сауық алаңы ашылды

Алматы құшағында Бүгін 17:34 36 yakiya
«КҮНШУАҚ»  жазғы ойын-сауық алаңы ашылды
Самат Құсайынов

Алматы қаласының Медеу ауданында орналасқан №5 Оқушылар үйінде «Күншуақ» жазғы ойын-сауық алаңы ашылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шараға аудандық білім беру ұйымдарының өкілдері, ата-аналар мен балалар қатысты.

Мерекелік кеште сөз алған Медеу аудандық білім бөлімінің әдіскері Назым Сарсебаева жаз мезгілінде балалардың бос уақытын мазмұнды әрі тиімді ұйымдастырудың маңыздылығына тоқталып, «Күншуақ» жазғы алаңы олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап, тұлғалық дамуына серпін беретін ерекше орта болатынын атап өтті.

– Қымбатты балалар! Сіздерді көптен күткен жазғы демалыстың басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Алдағы жазғы лагерь күндері сіздерге жарқын әсерлер мен ұмытылмас естеліктер сыйлайтынына сенімдімін. Осы уақытты пайдалы өткізіп, жаңа оқу жылына күш-қуат пен шабыт жинаңыздар. Сіздер –талантымен танылып, шығармашылығымен дараланған дарынды балаларсыздар. Сондықтан бүгінгі құрмет те, мақтау мен мадақ та өздеріңізге арналады. Біз әрқайсыңыздың жетістіктеріңізбен мақтанамыз! Жаз айлары шаттыққа, қызықты оқиғаларға, жаңа достар мен жарқын жетістіктерге толы болсын! Мерекелеріңіз құтты болсын! – деді ол.

№5 Оқушылар үйінің директоры Сайрагүл Шағатаеваның мәліметінше, биыл жазғы лагерьге 1000-ға жуық бала қатысады. Балалармен 20 кәсіби педагог жұмыс жүргізеді.

– Бүгін біз Балаларды қорғау күні мен жазғы лагерьдің ашылу салтанатын қатар өткізіп отырмыз. Мұнда балалар таңғы сағат 8:30-дан 13:00-ге дейін әртүрлі үйірмелерге қатысып, өздерінің қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерін дамыта алады. Лагерь бағдарламасында домбыра, ән-би, тоғызқұмалақ, шахмат, сурет салу және қолөнер үйірмелері қарастырылған. Міне, қазір балалар осы үйірмелерде үйренген өнерлерін көпшілік назарына ұсынып жатыр. Өткен жылы лагерь жұмысына 1500 бала қатысқан болатын, – дейді басшы.

 «Қолөнер» шебер қолдар» үйірмесінің жетекшісі Жұлдызай Қасен 7–14 жас аралығындағы қыз балаларға жіп пен матадан түрлі бұйымдар жасауды үйретеді.

– Үйірмеде төрт топ жұмыс істейді. Қыздарымыз өте ынталы әрі икемді. Мұндай сабақтар балалардың ұсақ моторикасын жетілдіріп, шығармашылық ойлау қабілетін дамытады. Болашақта олардың жұмыстарынан көрме ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз, – дейді үйірме жетекшісі.

Көп баланың ішінен «Шахмат патшалығы» үйірмесіне қатысатын, 6-сыныпты биыл аяқтаған Еркін Мұхамедаминді сөзге тарттық:

– Шахматқа кішкентай кезімнен қызығамын. Үйірмеге қатысып жүргеніме бір жыл болды. Қалалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындар алып жүрмін. Үйде де жаттығамын. Мұнда келіп білімім мен тәжірибемді жетілдіремін. Шахматта әр қадамыңды ойланып жасасаң, жеңіске жетуге мүмкіндік мол, – дейді ол.

Жазғы лагерьдің ашылу салтанатында мерекелік көңіл-күй бірден сезілді. Әсем безендірілген алаңда шахмат ойнап отырған балалар, домбыра тартып, би билеп жүрген өнерпаздар, сурет салып жатқан жас суретшілер мен қолдарына ине-жіп ұстап, қолөнермен айналысқан бүлдіршіндер өте көп болды. Балаларының жүздеріндегі қуанышты көруге келген ата-аналар да жетерлік. Қызықты ойындар ұйымдастырып, балаларға ерекше көңіл-күй сыйлаған аниматорлар да мерекенің шырайын аша түсті.

Іс-шара барысында Медеу ауданы Білім бөлімінің басшысы Ақнұр Оразханқызы лагерь жұмысына белсене қатысып, жақсы нәтиже көрсеткен мамандарға Алғыс хаттар табыстады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Күншуақ» жазғы ойын-сауық алаңының бағдарламасына спорттық жарыстар, танымдық іс-шаралар, шығармашылық шеберханалар мен қызықты экскурсиялар қарастырылған.

Дана САДЫРҚАН

Телеграм арнаға жазылыңыз
#оқушылар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Аналитикалық ойлауды дамыту»: Алматыда «Аналитика мектебі» білім беру жобасының үшінші аптасы өтті

Бүгін 18:10

Алматы колледждері педагогтерінің командасы республикалық спартакиадада бақ сынауда

Бүгін 18:06

Алматыда жаңа жазғы ашық аспан астындағы фестиваль басталады

Бүгін 17:38

Алматыда мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті

Бүгін 17:08

Мемлекет басшысы Кипр Президенті Никос Христодулидисті І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Бүгін 16:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);