AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Ковидпен ауырғаннан кейін бала емізуге бола ма?

Ковидпен ауырғаннан кейін бала емізуге бола ма?

Керек кеңес 05.08.2021, 10:04 2,715
Ковидпен ауырғаннан кейін бала емізуге бола ма?
Сурет: Мothercare.ru

Вирус ана сүтінде кездеспейді.


Аналар бала емізуді COVID-19-бен ауырған кезде де, вакцинадан кейін де жалғастыра алады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Зерттеулерге сәйкес, бұл ауруды тудыратын SARS-CoV-2 вирусы ана сүтінде табылған жоқ. Сонымен қатар, ананың алған вакцинасы балаға қауіп төндірмейді.


ДДҰ сарапшыларының айтуынша, иммунизациядан кейін ана сүтінен коронавирусқа қарсы антиденелер табылған, ол баланы аурудан қорғай алады.



«Үш баласын да емізіп өсірген ана ретінде мен емшек сүті нәресте үшін ең жақсы тамақтану көзі екенін білемін, тіпті анасының COVID-19 жұқтырғаны расталса да. Егер ауру жұқтырған ана тиісті сақтық шараларын қолданса, ол баласын емізуіне болады», - деп БҰҰ жаңалықтарының баспасөз қызметі ДДҰ Еуропалық аймақтық кеңсесінің елдік стратегиялар мен денсаулық сақтау жүйесі бөлімінің директоры Наташа Аззопарди-Мускатқа сілтеме жасап хабарлады.



Мамандар емшек сүтінің құрылымы туралы да айтты.



«Емшек сүтінде нәрестені тыныс алу жолдарының ауруларынан қорғайтын антиденелер мен басқа иммунологиялық элементтер бар. Баланың өсуі, дамуы мен денсаулығы үшін емшек сүтінің маңыздылығын растайтын көптеген дәлелдер бар, сонымен қатар ол өмірдің соңына дейін семіздік пен жұқпалы емес аурулардың алдын алуға көмектеседі», - деп қосты ол.



ДДҰ сарапшылары COVID-19 жұқтырған емізетін аналарға тамақтандыру кезінде маска киюді, нәрестеге жақындамас бұрын қолын сабынмен мұқият жууды және қолданыстағы заттарды дезинфекциялауды ұсынады.


Әлем бойынша баланы емшек сүтімен қоректендіру Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының посткеңестік елдерді қамтитын Еуропалық аймағында ең төменгі көрсеткішке ие. Еуропадағы нәрестелердің тек 13% -ы ғана өмірінің алғашқы алты айында тек емшек сүтін еме алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ДДСҰ #ковид #вакцина #ана сүті #БҰҰ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 931 млрд теңгеден асты

Бүгін 11:06

«Балаларымыз – аманатымыз» акциясы аясында Қазақстан бойынша 20 000 балаға балмұздақ таратылады

Бүгін 11:04

Алматыда Балаларды қорғау күніне орай балаларға медициналық көмек көрсетуге арналған үш құзырет орталығы ашылды

Бүгін 10:10

Алматы қаласының қаржы нарығындағы жағдай туралы

Бүгін 09:43

Танымал бейнероликтің кейіпкері үш жасар Әміреге Мемлекет басшысының Алғыс хаты табыс етілді

Бүгін 09:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);