Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Костенко шахтасындағы 46 кеншінің қазасына қатысты...

Костенко шахтасындағы 46 кеншінің қазасына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды

Заң мен тəртіп 17.02.2025, 16:56 686
Костенко шахтасындағы 46 кеншінің қазасына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды
Cурет: Aikyn.kz
 

Бас прокуратур Костенко атындағы шахтадағы 46 кеншінің өліміне және 28 адамның жарақат алуына себеп болған апатқа байланысты қылмыстық істі тергеу аяқталғанын хабарлады.

Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов жазды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

- Бас прокуратураның арнайы прокурорларының басшылығымен ВЖТТ Костенко шахтасындағы 46 кеншінің қазасына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. 10 айыпталушыға қатысты іс тау-кен жұмыстарының қауіпсіздік ережелерін бұзу (ҚК 277-бабының 3-бөлігі) бойынша сотқа жолданды, дейді бас прокурор.

КҮДІКТІЛЕРДІҢ ЕСІМІ

Еске салайық, бұған дейін  бас прокуратура күдіктілердің есімін жариялаған болатын. 

Апат 2023 жылдың қазан айында болған еді. Алғашқы жарылыс К2 қабатынан бөлінген метанның жануы нәтижесінде болған. Газ механикалық ұшқыннан тұтанып, метан қоспасының жұмыс істемейтін аймақта жарылуына және шахта туннелдеріндегі көмір шаңының бірнеше рет жарылуына әкелген.

"Жарылыс таралу ұзындығы шамамен 6 км құрады", – деп хабарлады.

Тергеу барысында жұмыс ұйымдастыруда төмендегідей кемшіліктер анықталған:

  • №6 учаскенің инженерлік-техникалық қызметкерлері мен Костенко атындағы шахта басшылары тарапынан қауіпті өндірістік факторларды тиісті деңгейде бақыламау;
  • 2023 жылдың қыркүйегінде 48к3-батыс лавасында болған оқиғаларды тиісті дәрежеде тексермеу;
  • Шаңды-жарылысқа қарсы іс-шараларды тиісті деңгейде орындамау, нәтижесінде жер асты жұмыстары кезінде шаң мен газдың артуы, апат қаупін жоғарылатты.

Тергеу нәтижесінде 10 күдікті анықталып, олардың тоғызы қамауға алынды. Олардың қатарында:

  • Сергей Мустивко – шахта директоры, шахтадағы тау-кен жұмыстарын апатсыз жағдайда ұстауға, өндірістік және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, жабдықтарды уақтылы жөндеуге жауапты;
  • Николай Грознов – шахтаның бас инженері, өндірістік қауіпсіздік жағдайын бақылау, шахтаның газ, шаң жарылғыштық және кен қабатының кенеттен лақтыру қаупін анықтау міндеттеріне жауапты;
  • Вадим Ерёмин – өндіріс бойынша директордың орынбасары, қауіпсіз жұмыс жағдайын және шахта жабдықтарының сенімділігін қамтамасыз етуге жауапты;
  • Дмитрий Федоренко – техника қауіпсіздігі бойынша бас инженердің орынбасары, шахтадағы техника қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты;
  • Владимир Шишканов – желдету және техника қауіпсіздігі учаскесінің бастығы, шахтадағы желдету және газ режимін қамтамасыз етуге жауапты;
  • Виталий Пестряк – желдету және техника қауіпсіздігі учаскесінің шаң-жарылысқа қарсы қорғау жөніндегі көмекшісі;
  • Виктор Коптенков – №6 учаскенің бастығы, желдету, шаң-газ режимі және өртке қарсы шараларды қамтамасыз етуге жауапты;
  • Т. Габдушев – конвейерлік көлік учаскесінің бастығы, шаң-жарылысқа қарсы шараларды орындауға міндетті;
  • Владимир Гонноченко – өндіріс бойынша бас инженердің орынбасары, өндірістің инженерлік қамтамасыз етілуін бақылауға жауапты;
  • Дмитрий Коцар – шахтаның бас механигі, шахта жабдықтарында қауіпсіз жұмыс жүргізуді қамтамасыз етпегені үшін күдікті деп танылған.

Апаттан 74 адам, соның ішінде қаза тапқандар мен тірі қалған кеншілердің жақын туыстары зардап шегуші ретінде танылды.

 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#бас прокуратура #Берік Асылов #Костенко шахтасы #тергеу #аяқталды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Бүгін 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Бүгін 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Бүгін 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Бүгін 17:11

Тоқаев Оман халқына тілектес екенін жеткізді

Бүгін 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі