конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Конкурс-2026: Алматыда киножобалар питчингі бастал...

Конкурс-2026: Алматыда киножобалар питчингі басталды

Алматы 22.05.2026, 16:32 261 Дина
Конкурс-2026: Алматыда киножобалар питчингі басталды

Алматыда байқаудың екі кезеңінен өткен киножобалардың ашық қорғауы — питчингтің алғашқы күні басталды. Биыл байқаудың финалдық кезеңіне мемлекеттік қаржылай қолдау мен ұлттық фильм мәртебесіне үміткер 95 киножоба қатысуда. Питчинг барысы Кино орталығының ресми YouTube-арнасында тікелей эфирде көрсетіледі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Кейінгі жылдары ұлттық кино саласында бірқатар оң өзгерістер орын алуда. Бұл – сала мамандарымен бірлесіп атқарылған жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі. Мемлекет қаржысына түсірілетін туындылардың сапасы, мазмұндық тереңдігі мен жанрлық әралуандығы жыл сайын артып отыр. Мұны мемлекеттік қолдауға ұсынылатын жобаларды іріктеу конкурсының ережелерін жетілдіру, талаптарды күшейту, сондай-ақ ашықтық пен әділдік қағидаттарын басты назарда ұстау бағытындағы жұмыстың жемісі деп білемін. Биылғы байқау да осы ұстанымдарға басымдық бере отырып жалғасуда. Жас киногерлердің белсенділігін ерекше атап өткім келеді. Олардың жобалары тың идеяларымен, батыл шығармашылық ізденістерімен ерекшеленіп, ұлттық киноның дамуына жаңа серпін беріп отыр», — деп жазды Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары — мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында.

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали ашық әрі әділ іріктеудің отандық киноны дамытудағы маңызы туралы айтты.

«Питчинг — байқаудың ең маңызды кезеңдерінің бірі. Авторлар жобаларын Сараптамалық кеңеске таныстырып қана қоймай, тақырыптың өзектілігін, шығармашылық топтың кәсіби деңгейін және болашақ фильмнің әлеуетін көрсете алады. Кино орталығы үшін іріктеудің барлық кезеңдерінің ашық әрі әділ өтуі — басты қағидаттардың бірі. Биылғы жобалар заманауи қазақстандық киноның дамуына өз үлесін қосып, көрермен жүрегінен орын алады деп сенемін», — деді Құрманбек Жұмағали.

Еске сала кетейік, киножобалар байқауы биылғы жылдың 1 наурызында басталған болатын. Байқаудың алғашқы кезеңіне электронды форматта жалпы саны 323 өтінім келіп түсті. Ұсынылған материалдарды тексеру нәтижесінде 277 жоба Сараптама кеңесінің қарауына жолданды. Бірінші кезең қорытындысы бойынша сценарийлер мен сценарийлік жоспарлар форматында ұсынылған 107 жоба келесі кезеңге өтті. Ал толық құжаттар топтамасын қарау нәтижесінде 95 жоба питчингке қатысу құқығына ие болды.

Биыл басым бағыттар қатарына отбасы құндылықтары мен ұрпақ сабақтастығы, тарих пен мәдени мұра, қазіргі заманғы еңбек адамының бейнесі, балалар киносы, экология, спорт және салауатты өмір салты, сондай-ақ бірлік, бейбітшілік пен қоғамдық келісім идеялары енгізілді.

Ашық қорғаудың алғашқы күнінде қатысушылар Сараптама кеңесіне көркем фильмдер санатындағы жобаларын таныстырды. Үш күн бойы авторлар өз жұмыстарын ұсынып, оның қорытындысы бойынша мемлекеттік қаржылай қолдауға және ұлттық фильм мәртебесіне үміткер жобаларға қатысты ұсынымдар қалыптастырылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ясауи мұрасына арналған қос кітап 4 тілде жарық көрді

Бүгін 12:04

Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады

Бүгін 10:35

Тоқаев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады

Бүгін 09:05

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік науқан өтті

Кеше 17:38

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Кеше 15:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);