AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Көктемгі егіс жұмыстарына 140 млрд теңге бөлінді

Көктемгі егіс жұмыстарына 140 млрд теңге бөлінді

Өмір-өзен 03.02.2023, 05:21 1,686
Көктемгі егіс жұмыстарына 140 млрд теңге бөлінді
Сурет: El.kz

Фермерлер несие алуға өтініш беріп жатыр.


Қазақстанда көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін шаруаларға несие беру жалғасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингіне сілтеме жасап.


2023 жылы «Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға республикалық бюджеттен 140 млрд теңге бөлінді.



«Өтінімді қабылдау басталған 9 күнде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден жалпы сомасы 48 млрд теңгеге 1 мың 211 өтінім түсті. Тағы 668 фермер құжат жинап жатыр. Қаржыландырудың көп бөлігі – 5,8 млрд теңге несие серіктестіктері арқылы берілді. Микроқаржы ұйымдары арқылы фермерлер 800 млн теңге рәсімдеді», - деп жазылған хабарламада.



Биыл несие алуды жеңілдету және жеделдету үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қаржыландыруды тек несие серіктестіктері, екінші деңгейдегі банктер және микроқаржы ұйымдарын қорландыру арқылы жүзеге асырып жатыр.


Агроөнеркәсіп субъектілері үшін сыйақысының жылдық мөлшерлемесі 5%-дан аспайды.


Қаржы жанар-жағармай, ауыл шаруашылығы техникасын жөндеуге қажет қосалқы бөлшектер, минералды тыңайтқыш, тұқым сатып алуға және егін егу мен жинауға арналған өзге де іс-шараларға жұмсалуға тиіс.


Фермерлерге берілетін несие бойынша толық ақпаратты «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның облыстық  филиалдарынан немесе www.agrocredit.kz сайтынан алуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#егіс #Фермер #өтініш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов: Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды құрылыс бағдарламасы өнеркәсіп кооперациясын дамытуға елеулі серпін береді

Бүгін 22:30

Мемлекет басшысы AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында сөз сөйледі

Бүгін 21:01

Қазақстандық кәсіпорындардың инновациялық шешімдері «ИННОПРОМ. Беларусь» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінде таныстырылды

Бүгін 21:01

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ делегациясын қабылдады

Бүгін 20:15

Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары Алматыға оралды

Бүгін 20:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);