AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Көкшетауда көлік жуу кешенінде 18 жастағы жігіт то...

Көкшетауда көлік жуу кешенінде 18 жастағы жігіт тоқ соғып, көз жұмды

Оқиға 25.07.2026, 14:29 312
Көкшетауда көлік жуу кешенінде 18 жастағы жігіт тоқ соғып, көз жұмды

Көкшетауда автожуу орындарының бірінде қайғылы оқиға болды. Металл конструкцияны демонтаждау кезінде 18 жастағы жұмысшыны тоқ соғып, ол оқиға орнында көз жұмды. Ал оның кәмелетке толмаған әріптесі аурухананың жансақтау бөліміне түсті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жұмысшылар металл құрылымды бөлшектеу кезінде абайсызда электр берілісі желісіне тиіп кеткен. Соның салдарынан 18 жастағы жігіт алған соққыдан бірден тіл тартпай кетті.

Қасында болған жасөспірім шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі уақытта оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, жағдайы тұрақты.

«Пациенттің жағдайы тұрақты, өміріне тікелей қауіп жоқ. Жағдайын динамикалық бақылау мен мониторинг жүргізу үшін ол бірнеше сағат бойы жансақтау бөлімінде болды. Қазіргі уақытта ол толық көлемде медициналық көмек алуда», — деп хабарлады Ақмола облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Орын алған қайғылы оқиға фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысымен кездесу

Бүгін 19:00

«Заң мен Тәртіп»: Алматыда студент жастармен кездесу өтті

Бүгін 18:30

Алматыда «Ақбала» ұлттық балетінің премьерасы өтеді

Бүгін 18:14

Алматыда Қала күніне орай 300-ден астам мерекелік іс-шара өтеді

Бүгін 18:06

Қазақстанда 50 мың студент дуальды оқытудан өтіп жатыр

Бүгін 17:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);