AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Кофені қай уақытты ішкен дұрыс? Дәрігер жауабы

Кофені қай уақытты ішкен дұрыс? Дәрігер жауабы

Мұны білген жөн 20.07.2025, 13:25 679
Кофені қай уақытты ішкен дұрыс? Дәрігер жауабы
sdv-coffee.ru

Кофені ұйқыдан түрғаннан кейін бір-екі сағаттан соң ішкен дұрыс, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы сомнолог-дәрігер, эндокринолог Дарья Лебедева "Газета.Ru" басылымына берген сұхбатында айтты.

"Үш түрлі адам бар: бірі кофе ішкеннен кейін өзін сергек сезінеді, екіншісі - дірілдеп, жүрек қағысының жиілеуін байқауы мүмкін, ал үшіншісі - кофе ішкен соң ұйықтағысы келеді. Бұл - кофеин метаболизмінің жылдамдығына байланысты генетикалық ерекшеліктерімізге байланысты: біреуде ол екі сағатта қорытылса, екіншісінде - 12 сағатқа дейін созылады. Сондықтан кофеге қатысты әмбебап кеңестер жоқ. Дегенмен базалық ережелер бар. Мысалы, оянғаннан кейін бір-екі сағат өткен соң, кофе ішуге ең қолайлы уақыт саналады. Бұл уақытта ағзадағы кортизол деңгейі төмендей бастайды. Ал егер дұрыс ұйықтай алмасаңыз, сағат 14:00-тен кейін кофе ішпеген дұрыс. Тіпті түстен кейін ішілген бір кесе кофе де ұйықтау фазасын байқалмаса да, шегеруі мүмкін", - деп түсіндірді дәрігер.

Сондай-ақ, дәрігер созылмалы ұйқысыздық пен мазасыздық кезінде кофеден мүлде бас тартуға кеңес береді. Мұндай жағдайда маманға жүгінген жөн.

"Кофе - егер оны саналы түрде ішсеңіз, зиянды емес. Ол зейінді арттырып, көңіл күй мен физикалық төзімділікті жақсарта алады. Мәселе - кофенің өзінде емес, оны бақылаусыз тұтынуда. Күніне 5-6 кесе ішетін болсаңыз, ол мазасыздық, ұйқысыздық және бас ауруының себебіне айналады. Ал егер кофе ағзаның қажығанын жасыратын "таяқшаға" айналса, онда тұтыну мөлшерін азайтыңыз. Созылмалы шаршауды елемей, керісінше, ұйқыңызды қалпына келтіріңіз", - деп түйіндеді дәрігер.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дәрігер #Кофе
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Айнабұлақтағы көріктендіру жұмыстарын тексерді

Бүгін 15:15

Нұрлан Байбазаров Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Бүгін 14:14

Ерболат Досаев Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды

Бүгін 14:11

Серік Сәпиев тағы бір лауазымға ие болды

Бүгін 13:20

Алматыда «Nauryz Sale» ауқымды мерекелік акциясы өтті

Бүгін 13:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика