AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / «Кітап оқитын университет»: Студенттер арасында кі...

«Кітап оқитын университет»: Студенттер арасында кітап оқу мәдениетін дамытуда

Білім және ғылым Бүгін 18:39 28
«Кітап оқитын университет»: Студенттер арасында кітап оқу мәдениетін дамытуда
Фото: reading-nation.kz

Жобаның ресми сайтында 250 мыңнан астам қатысушы тіркелген, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры республикалық «Кітап оқитын ұлт» оқу марафоны аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжатқа ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбеков қол қойды.

Меморандум аясында жоғары білім беру ұйымдарының студенттері республикалық оқу марафонының арнайы «Кітап оқитын университет» бағытына қатыса алады.

Жоба студент жастар арасында оқу мәдениетін дамытуға, оқырман сауаттылығын арттыруға және отандық әрі әлемдік әдебиетке деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыруға бағытталған.

Алты ай ішінде қатысушылар қазақ немесе орыс тілдерінде 15 кітап оқуы тиіс. Одан кейін студенттер тестілеу және зияткерлік квиздер арқылы өз білімдерін тексереді.

«Кітап оқу мәдениетін дамыту – заманауи адами капиталды қалыптастырудың маңызды бөлігі. Университет – тек кәсіби білім алатын орын ғана емес, сонымен қатар интеллектуалдық және тұлғалық дамуға мүмкіндік беретін орта. Оқудың студенттік өмірдің табиғи бір бөлігіне айналуы үшін жағдай жасау маңызды. «Кітап қитын университет» студенттерді кітап төңірегіне біріктіріп, олардың ой-өрісін кеңейтіп, өзін-өзі дамытуға деген тұрақты дағды қалыптастыруға мүмкіндік береді деп сенемін», – деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбеков университет қауымдастығын оқу мәдениетін дамытуға тартудың маңыздылығын атап өтті.

«Студент жастар – біздің бастамамыздың негізгі аудиторияларының бірі. Біздің міндетіміз – оқуды бір реттік акция емес, күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналдыру. «Кітап оқитын университет» форматы тек 15 кітап оқуға ғана емес, сонымен қатар шығармаларды талқылауға, олардың мазмұнын саралауға және пікір алмасуға мүмкіндік береді. Университеттердің қатысуы жастар арасында белсенді оқырмандық қауымдастық қалыптастыруға ықпал етеді деп сенеміз», – деді Бақытжан Тұрлыбеков.

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны оқу мәдениетін дамыту, оқырман сауаттылығын арттыру, кітапты кеңінен насихаттау және қоғамда интеллектуалдық орта қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылуда.

2026 жылы марафон бірнеше бағыт бойынша өткізіледі: «Кітап оқитын мектеп», «Кітап оқитын колледж», «Кітап оқитын университет», «Кітап оқитын педагог», «Кітап оқитын әулет», «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» және «Кітап оқитын зияткер».

Қатысушыларды тіркеу 2026 жылғы 15 қыркүйегіне дейін жалғасады. Қазіргі таңда жобаның ресми сайтында 250 мыңнан астам қатысушы тіркелген.

Марафонға жобаның ресми сайты арқылы қатысуға болады: reading-nation.kz

Меморандум жоғары білім беру ұйымдарының республикалық марафонға қатысу аясын кеңейтіп, студенттердің оқу мәдениетін, интеллектуалдық қарым-қатынасын және өзіндік білім алуын дамытуға қосымша мүмкіндіктер береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кайрат Сатыбалдының Алматыдағы Hilton отелі миллиардтарға сатылымға қойылды

Бүгін 18:00

Алматыдағы ескі базар үлкен сауда үйіне айналды

Бүгін 17:37

Алматыда цифрлық баспа ісі бойынша сабақтар басталды

Бүгін 17:15

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

Бүгін 16:46

Алматыда 2027 жылдан бастап төмен шығарындылар аймағында пиротехника қолдануға тыйым салынады

Бүгін 16:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);