конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жаңа Конституция / «КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және он...

«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды

Жаңа Конституция Бүгін 17:01 39 Сұлу
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
kisi.kz

Бүгін Петропавл қаласында «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сарапшылық алаңының «Қазақстанның жаңа конституциялық архитектурасы: өңірлердің көзқарасы» тақырыбындағы отырысы өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырды. Іс-шараға жетекші сарапшылар, ғылыми қауымдастық өкілдері, заңгерлер, саясаттанушылар, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары және өңірдің Қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты.

Сараптамалық алаң қатысушылары конституциялық реформалардың өңірлік өлшемін, жаңа Конституцияны іске асырудағы жергілікті өзін-өзі басқару мен азаматтық қоғамның рөлін, қоғамдық диалогты, саяси партияларды және қоғамдық қатысудың жаңа институттарын дамыту мәселелерін талқылады.

Отырысты ашқан ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Жандос Шаймарданов жаңа Конституцияның қабылдануы әділеттілік, заң үстемдігі, жауапкершілік және тең мүмкіндіктер қағидаттарына негізделген ел дамуының жаңа кезеңін бастағанын атап өтті.

ҚСЗИ директоры сондай-ақ жаңа саяси архитектура саяси партиялардың маңызын күшейтетінін, олардың халықпен тұрақты жұмыс жүргізуі қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан Халық Кеңесі институтының құрылуы өңірлердің мүдделерін білдіру мен қоғамдық диалогты дамытуға қосымша мүмкіндіктер ашатынын айтты. Ол Солтүстік Қазақстан облысының заманауи аграрлық экономиканы, цифрлық технологияларды, жасанды интеллект пен инновацияларды дамытудағы әлеуетіне де ерекше тоқталды.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту институтының директоры Сергей Худяков жаңа Конституция мәслихаттардың өкілеттіктерін күшейтіп, жергілікті бюджеттердің, қоғамдық бақылаудың және Халықтық қатысу бюджетінің мүмкіндіктерін кеңейткенін атап өтті. Сонымен қатар қоғам қайраткері алдағы Құрылтай сайлауы елдегі дәйекті саяси жаңғыру үдерісінің аясында өтіп жатқанын және конституциялық реформалардың заңды жалғасы екенін айтты.

«Ассамблея жастары» Солтүстік Қазақстан облыстық жастар бірлестігінің төрайымы, Солтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Дариға Смайылова жастарды қоғамдық және саяси өмірге кеңінен тартудың маңыздылығына тоқталды. Спикердің айтуынша, сайлауға қатысу – тек конституциялық құқық қана емес, сонымен қатар азаматтық жауапкершіліктің маңызды көрінісі.

«СҚО Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі қауымдастығы төрағасының орынбасары Әсел Есжанова жаңа сайлау моделінің басты ерекшелігі толықтай пропорционалды жүйеге көшу болғанын атап өтті. Бұл жүйе бойынша Құрылтайдың барлық 145 депутаты партиялық тізімдер арқылы сайланады. Оның пікірінше, мұндай тәсіл саяси партиялардың рөлін күшейтіп, бәсекелестікті бағдарламалар мен командалық жауапкершілікке бағыттайды, партиялардың жаңаруына ықпал етіп, популизмді төмендетеді.

«СҚО Жастар мәслихаты» жастар қоғамдық бірлестігінің өкілі Тимур Альжанов қазіргі сайлау науқаны қоғамның саяси жүйені жаңартуға деген сұранысына жауап беретінін атап өтті. Оның айтуынша, партиялар басшылық құрамдарын жаңартып, жас көшбасшыларды тартып, қоғамға жаңа идеялар мен бағдарламалар ұсынып отыр.

«КИСИ GPS» ұлттық сараптамалық алаңы отырысының қатысушылары жаңа Конституцияны табысты іске асыру көп жағдайда өңірлердің белсенді қатысуына, жергілікті өзін-өзі басқаруды, азаматтық қоғам институттарын дамытуға және мемлекет пен азаматтар арасындағы тұрақты диалогты нығайтуға байланысты деген қорытындыға келді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ясауитану ғылымындағы тарихи жаңалық: Ресейден бұрын белгісіз қолжазба анықталды

Бүгін 17:16

Алматыда тұрмыстағы зорлық-зомбылық салдары талқыланды

Бүгін 16:58

Алматыда жүк көліктеріне арналған жаңа жол белгілері орнатылады

Бүгін 16:48

Алматының Наурызбай ауданында 250 мыңнан аса гүл көшеті егілді

Бүгін 16:12

Дархан Сатыбалды Үлкен Алматы көлі маңындағы туристік инфрақұрылымды дамыту жобаларымен танысты

Бүгін 15:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);