AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Киллиан Мбаппе Алматыға сапарынан алған әсерін бөл...

Киллиан Мбаппе Алматыға сапарынан алған әсерін бөлісті

Спорт 07.10.2025, 10:14 790
Киллиан Мбаппе Алматыға сапарынан алған әсерін бөлісті
depositphotos.com

Мадридтік "Реалдың" жұлдызы, француз шабуылшысы Килиан Мбаппе Алматыда өткен Чемпиондар лигасының матчы аясындағы сапары жайлы айтты, деп хабарлайды Аqshamnews.kz. тілшісі.

Командадағы әріптесі, түрік жартылай қорғаушысы Арда Гюлер әлеуметтік желіде мадридтік клубтың Қазақстанға жасаған ұшу сапарынан бірнеше сурет жариялаған. Сол фотолардың бірінде ұшақта ұйықтап отырған Мбаппе де көзге түсті.

Фотосуреттерді көрген Килиан Мбаппе әзіл-шыны аралас пікір қалдырды:

"Қазақстанға барған сапар оңай болмады, бро", – деп жазды футболшы.

Еске салайық, Алматыда өткен "Қайрат" – "Реал" матчы Чемпиондар лигасының екінші туры аясында ұйымдастырылды. Испандық БАҚ дерегінше, мадридтік командаға Қазақстанға барып-қайту үшін шамамен 13 мың шақырым жол жүруге тура келген.

Бұл сапар тек Қазақстанда ғана емес, Еуропада да ерекше назарға ілікті. Испан басылымдары "Реалдың" Алматыға келуін "ерекше жағдай" деп бағаласа, алматылық жанкүйерлер клубты жылы қарсы алып, ойыншыларға өз қолдауларын көрсетті. Ойын 0:5 есебімен испандық клубтың пайдасына жазылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Реал Мадрид #Қайрат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«ҚазАвтоЖол» мен қазақстандық банктер синдикаты $700 млн дейінгі сомаға кредиттік келісімге қол қойды

Бүгін 08:15

ЭКСЖ ұлттық жобасын жүзеге асыру: Қанат Бозымбаев жобалық кеңсенің отырысын өткізді

Кеше 19:45

МАТЕМАТИКА ПӘНДЕРІНІҢ ЕКІ МҰҒАЛІМІНЕ СУ ЖАҢА АВТОКӨЛІКТІҢ КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Кеше 19:33

Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты

Кеше 19:10

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды  

Кеше 19:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);