AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Кеңес Рақышев бокстан әлем чемпионатының жеңімпазд...

Кеңес Рақышев бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздарына 100 мың доллардан бермек

Спорт 25.04.2023, 20:01 2,168 Almaty-akshamy
Кеңес Рақышев бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздарына 100 мың доллардан бермек
Сурет: Ашық дереккөз

Есімдеріңізді тарихта қалдырыңыздар


Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев Ташкентте өтетін әлем чемпионатында жеңімпаз атанған еліміз спортшыларына жеке қаражаты есебінен 100 мың доллардан береді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz федерация ақпаратына сілтеме жасап.


«Бокс – еліміздегі ең танымал әрі ең нәтижелі спорт түрі. Сондықтан, Ташкенттегі әлем чемпионаты жанкүйерлердің ерекше назарында болары анық. Қазақстан бокс федерациясы, бапкерлер және спортшылардың өздері алдағы додаға тиянақты дайындалу үшін бар күш-жігерін жұмсады (...)


Жігіттермізді ынталандыру мақсатында, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дәстүрлі түрде өз қаражатым есебінен қосымша сыйақымен марапаттаймын. Чемпиондарға 100 мың АҚШ долларынан қарастырылған.


Боксшыларға айтар басты тілегім – есімдеріңізді тарихта қалдырыңыздар. Сіздерге бүкіл Қазақстан жанкүйер болатынын ұмытпаңыздар!», - деп келтіреді бокс федерациясы К.Рақышевтің сөзін.


Сондай-ақ федерация басшысы Қазақстан спортшыларына қолдау білдіруге шақырды.



«Демеу болса, ұлттық құраманың боксшылары аянып қалмасы анық. Бірлік бар жерде – тірлік бар. Барлығымыз бір жұдырық болып жұмылсақ, алынбайтын қамал жоқ. Әлемдік аренада тағы бір мәрте үздік атану үшін қауқарымыз жетеді», - дейді ол.



Айта кетейік, бұған дейінгі әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлде иеленген болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бокс #Рақышев #сыйақы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент ЖИ саласындағы негізгі мемлекеттік жобаларға тоқталды

Бүгін 15:25

Алматыда заңсыз салынған нысандарды бұзу жұмыстары жалғасуда

Бүгін 15:14

ДСМ тегін дәрілер тізімін жаңартты

Бүгін 15:10

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекеттік деректердің бірыңғай жүйесі болмаса, жасанды интеллектіден пайда жоқ»

Бүгін 14:19

Президент Үкіметке цифрлық экономиканың ІЖӨ-ге әсерін бағалау бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды

Бүгін 14:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);