AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Балалар жылы / «Кемпірқосақ» көрмесі ашылды

«Кемпірқосақ» көрмесі ашылды

Балалар жылы 14.04.2022, 04:44 2,372 Олжас ЖОЛДЫБАЙ
«Кемпірқосақ» көрмесі ашылды
almaty-akshamy.kz

Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында Балалар жылына орай «Кемпірқосақ» атты республикалық көрме ашылады. Бұл көрме «Бабалар аманаты» жобасы аясында Қазақстанның Көркем еңбек пәні мұғалімдерінің қатысуымен өтеді.


«Бабалар аманаты» жобасының мақсаты – республикамыздағы бүкіл көркем еңбек пәні мұғалімдерінің басын қосу, болашақта өскелең ұрпақтың тәлім-тәрбиесі мен білім негізін ұштастыру, сондай-ақ әрқилы жанрдағы туындылардың қыр-сырын тарих тағылымына терең бойлата отырып, осы ұстаздардың арқасында көрерменге жеткізу. Бұл жыл Президентіміз Қ.Тоқаевтың ұсынысымен «Балалар жылы» деп белгіленді.



Шығармашылықпен айналысатын еліміздің түкпір-түкпірінен қатысатын үздік 80-нен астам ұстаздың туындылары қойылды. Сонау есте жоқ ескі заманнан бері келе жатқан ұлттық өнерімізді өскелең ұрпақтың бойына дарытып, бабаларымыздың киелі өнерін ғасырдан-ғасырға жеткізіп, тарих беттерінде алтын әріппен жазып қалдыру – ұстаз міндеті, ұрпақ парызы деп білеміз.



Биыл «Бабалар аманаты» ұлттық жобасының құрылғанына үш жыл толады. Жобаға ҚР Суретшілер одағы, ҚР Дизайнерлерінің Еуразиялық одағы, Қолөнер одағы және шығармашылықпен айналысатын Қазақстан Республикасының Көркем еңбек мұғалімдері кіреді. Олар Түркия, Греция және Орталық Азиядағы халықаралық көрмелерге үнемі қатысады.



Қанағат Кодеков – «Бабалар аманаты» жобасының жетекшісі, кураторы, «Үздік педагог–2021» жеңімпазы, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, «Бабалар аманаты» Халықаралық және республикалық көркем еңбек пен кәсіби суретшілер жинағының авторы. «Бабалар аманаты» – Қазақстан Республикасының халықаралық кәсіби суретшілері мен талантты Көркем еңбек мұғалімдерінің үздік шығармаларының жинағы. Сондай-ақ, әл-Фарабидің 1150 жылдығына, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына, Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және т.б. арналған шығармалар жинақтары жарық көрді.



Көркем еңбек пәндерін оқытатын республиканың барлық өңірлерінен келген 800-ден астам ұстаз, шығармашыл педагог «Бабалар аманаты» жобасында республикалық және халықаралық деңгейде педагогикалық өнерді насихаттау мақсатында бірікті. Жоба мүшелері елімізде өтіп жатқан мәдениет күндеріне белсенді қатысып, көрмелер өткізеді.


Қазіргі уақытта еліміздің педагогикалық қоғамдастығы өскелең ұрпақты ұлттық бейнелеу өнерінің құпиялары мен қыр-сырына үйрету үшін тынымсыз еңбек етуде өнер арқылы оларды қазіргі заманғы көркемдік бағыттармен таныстырады, эстетикалық тәрбиені, сұлулықты дұрыс түсінуді қалыптастырады. Қазақстанның ұлттық өнерін насихаттау бойынша жұмыс жүргізуде.


Көрмені 10 мамырға дейін тамашалауға болады

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Көрме #балалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тағдырын арқанға байлаған құрылыстағы альпинистер...

Бүгін 20:36

Миллиондаған көрермен Алматыны Travel XP эфирінен көреді

Бүгін 17:28

2026 жылғы 11-20 маусым аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы

Бүгін 16:46

Алматылық семсерлесушілер Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бүгін 16:03

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 92-ші театр маусымының жабылуына шақырады

Бүгін 15:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);