AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / ҰБТ-да үлкен өзгеріс: енді бір рет қана тапсырасыз

ҰБТ-да үлкен өзгеріс: енді бір рет қана тапсырасыз

Білім және ғылым 17.04.2026, 16:08 197 yakiya
ҰБТ-да үлкен өзгеріс: енді бір рет қана тапсырасыз

Мұны вице-премьер Аида Балаева мәлімдеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстанда талапкерлерді іріктеу жүйесін жетілдіру мақсатында Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) форматына бірқатар өзгерістер енгізу жоспарланып отыр.

Министрдің айтуынша, адами капиталға инвестиция жасау – мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі. Бұл бағыт Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған реформалардың негізін құрайды. Бүгінде әлем елдері білім беру жүйесін жаңғыртып, жаңа модельдер мен цифрлық шешімдерді енгізуде.

«Қазіргі таңда білім беру саласы тек білім берумен шектелмей, нақты дағдыларды меңгерген, еңбек нарығына бейімделген мамандарды даярлауға бағытталуы тиіс. Бұл – сапалы жаңа кезеңге көшу», – деді Аида Балаева.

Осыған байланысты талапкерлерді іріктеу жүйесінде, әсіресе педагогикалық мамандықтарға қабылдау кезінде жаңа тәсілдер енгізілмек. Атап айтқанда, тестілеумен қатар арнайы емтихандарды қамтитын гибридті бағалау формасы қолданылады. Бұл тәсіл талапкерлердің тек пәндік білімін ғана емес, сонымен бірге сыни ойлау, талдау және коммуникациялық дағдыларын бағалауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, келесі жылдан бастап педагогикалық бағыттарға түсу кезінде ҰБТ нәтижелерімен қатар ауызша емтихандар да ескерілмек. Бұл емтихандарда талапкерлердің оқуға дайындығы мен кәсіби бейімділігіне ерекше назар аударылады.

Министр сондай-ақ ҰБТ-ны бір рет тапсыру форматына көшіру ұсынылып отырғанын атап өтті. Оның сөзінше, бұл шешім грант конкурсына қатысу кезінде әділ әрі объективті бағалауды қамтамасыз етуге бағытталған. Ал талапкерлердің дайындық деңгейін тексеру үшін сынақ тестілеу жүйесі сақталады.

Бұдан бөлек, жоғары оқу орындарына Foundation бағдарламалары арқылы шартты қабылдау тәжірибесінен бас тарту жоспарланып отыр. Себебі мұндай жүйемен қабылданған студенттердің едәуір бөлігі оқу барысында қажетті шекті баллды жинай алмайды.

«ҰБТ жүйесін өзгерту – тестілеуден бас тарту емес. Бұл – дарынды талапкерлерді анықтап, әділ іріктеуге бағытталған маңызды қадам», – деп қорытындылады Аида Балаева.

Жалпы, ұсынылып отырған өзгерістер білім беру сапасын арттырып, елдің ұзақ мерзімді дамуына негіз болады деп күтілуде.

Оның сөзінше, университеттер дарынды талапкерлерді еркін таңдай алмай отыр. Бұл әсіресе педагогикалық мамандықтарға қатысты ЕКЕН. Осылай деген министр қабылданатын шараларды атады:

Педагогикаға қабылдауда тестпен қатар ауызша емтихандар енгізіледі;

Ұлттық біріңғай тестілеу форматы өзгеріп, тек бір рет тапсыру бекітіледі;

Университеттерге дайындық бағдарламалары (Foundation) арқылы шартты түрде қабылдау жүйесінен бас тартылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҰБТ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының медициналық ұйымдарында Балаларды қорғау күніне орай 400-ге жуық бала құттықталды

Бүгін 19:11

Зейнолла Ыдырысов Challenge Cup турнирінің күміс жүлдегері атанды

Бүгін 18:25

Бибісара Асаубаева Norway Chess Women-де тағы көшбасшы болды

Бүгін 18:22

Алматының «Шығыс қақпасы» полиорталығында бірегей қоғамдық кеңістік құру жоспарланып отыр

Бүгін 18:05

«ЭКО-Балалық шақ»

Бүгін 17:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);