Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Кедейлікті жеңе алмай келеміз

Кедейлікті жеңе алмай келеміз

Спорт 05.12.2022, 05:49 1,481
Кедейлікті жеңе алмай келеміз
almaty-akshamy.kz

Қазақстан халқының 15% кедей санатында



Қазақстанда кедейлікті өлшеудің көпөлшемді моделін енгізіп, атаулы әлеуметтік көмекті жетілдіру қажет. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Жәмилә Нұрманбетова айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Біз әлі де кедейлікті жеңе алмай келеміз. Дүниежүзілік банктің бағалауынша, Қазақстан азаматтарының 15%-ы кедей санатында. Оған қоса, ресми статистика халықтың 5,1%-ы күнкөріс деңгейінен төмен табыспен өмір сүретінін көрсетеді», - деді Жәмилә Нұрманбетова Әлеуметтік кодекс жобасы туралы Үкімет сағатында.



Бұл ретте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Отбасының цифрлық картасын ұсынып, өз жағдайын «қиын» деп санайтын отбасылар үлесі шамамен 15% құрайтынын көрсеткен.



«Мұндай қарама-қайшы деректер мемлекет қолдауын қажет ететіндердің нақты санын анықтауға мүмкіндік бермейді. Кедейлік шегіндегі азаматтарды әлеуметтік қолдау шараларының бірі – атаулы әлеуметтік көмек. Өкінішке орай, Әлеуметтік кодекс жобасында көрсетілген ұсыныс аса өзгере қоймаған. Соңғы жылдары көптеген елдер кедейлік деңгейін анықтауда кедейлікті өлшеудің көпөлшемді модельдерін қолдануға тырысуда, яғни, азаматтардың денсаулық сақтау, білім беру қызметтеріне қолжетімділігі, жеке тұрғын үйі және тұрақты табысы қаралады. Сондықтан министрлікке кедейлікті өлшеудің көпөлшемді моделін ескеріп, атаулы әлеуметтік көмекті жетілдіруді жалғастыру қажет деп санаймыз», - деді Ж. Нұрманбетова.



Спикер, ең бастысы, әрбір мұқтаж отбасы тиісті мемлекеттік органдардың назарында болуы екенін айтты.


«Ол үшін әр отбасымен жеке жұмыс істеу қажет. Бұл цифрлық карта деректері бойынша 1,2 млн отбасы», - деді Мәжіліс депутаты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #кедейшілік #Депутаттар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жыл басынан бері үш тонна есірткі айналымға жіберілмеді

Бүгін 14:41

Астрофизик: Айға қайта оралу – ғылым үшін жаңа кезең 

Бүгін 12:01

Астрономияны білсеңіз, астрологияға сенбейсіз – астрофизик пікірі

Бүгін 11:56

Қазақстанда ғалым қанша табыс табады?

Бүгін 11:52

2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика