Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жолдау 2023 / Жүрсін Ерман: Президентті 7 жылдық мерзімге сайлау...

Жүрсін Ерман: Президентті 7 жылдық мерзімге сайлау билікті монополизациялауға мүмкіндік бермейді

Жолдау 2023 12.09.2022, 07:37 1,737
Жүрсін Ерман: Президентті 7 жылдық мерзімге сайлау билікті монополизациялауға мүмкіндік бермейді
opennews.kz






Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы мәлімдемесіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz  Almaty.tv. сілтеме жасап



«Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы ұсынысын білдірді. Осы мәселе төңірегінде әңгіме жүріп жатыр. Біріншіден, бұл ұсыныс қабылданса, ендігіде ҚР Президенті бір реттік 7 жылдық мерзімге сайлана алады. Қайтадан сайлауға түсе алмайды. Бұл конституциялық норма болады. Мұның не артықшылығы бар? Біріншіден, 7 жыл - тарих үшін үлкен уақыт. 7 жылға президент сайлау - посткеңестік елдердің тәжірибесінде болмағанымен, әлемдік тәжірибеде бар нәрсе. Израильде, Арменияда сондай. Францияда да сайлаудың осы түрін қарастырып жатыр. 7 жылдық мерзімге президент сайлау жоғары билікті монополизациялауға мүмкіндік бермейді. Қайтадан сайланбайтынын білген президент 7 жыл ішінде алаңсыз елдің ішкі-сыртқы мәселелерін шешумен айналысады. Келесі жылы сайлаудан өтем бе, өтпеймін бе деп бас қатырмайды», - дейді Жүрсін Ерман.



Оның сөзінше, Президенттің бастамасымен елімізде үлкен саяси өзгерістер болып жатыр.


«Елімізде біраз саяси өзгерістер болып жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев бірталай өзгерістерді бастап та кетті. Президентіміздің өзі бастаған үлкен реформаларды өзі аяқтауына мүмкіндік беруіміз керек. Оған уақыт керек», - деп пікірін бөлісті ақын.


Жүрсін Ерманның айтуынша, Тоқаевтың билік басында отыруына лайық екенін халық та біліп отыр. Сондай-ақ Президентіміз осы кезде Қазақстанның абыройын биікке көтеріп, басқалардың доқ көрсетуіне мүмкіндік бермей, өзінің берік позициясын ұстанып, бір елдің тізгінін ұстап отыр дейді ақын.



«Әлеуметтік желіден естіп-біліп отырмыз, оппозициялық күштер Тоқаевқа қарсы кандидат ұсынбақшы. Бірақ қазіргі кезде Тоқаевпен тең түсе алатын адамның жоқтығын халық та көріп отыр. Тоқаев Премьер-Министр де болды, Сенатты да басқарды, БҰҰ-да да бас хатшының орынбасары болып қызмет етті. Ол – халықаралық деңгейде беделге ие болған аса тәжірибелі дипломат, қанша жыл билікте жүрсе де, соңынан сөз ермеген адам. Қазіргі кезде алпауыт мемлекеттер бір-бірімен тіресіп жатыр, соғыс та болып жатыр. Президентіміз осы кезде Қазақстанның абыройын биікке көтеріп, басқалардың доқ көрсетуіне мүмкіндік бермей, өзінің берік позициясын ұстанып, бір елдің тізгінін ұстап отыр. Сондықтан да онымен терезесі тең келетін басқа ірі тұлға қазір көрініп тұрған жоқ», - деді ақын.



Ақын халықтың 7 жылдық мерзімге сайлауға келісім беріп, сайлауда Тоқаевты қолдайтынына кәміл сенеді.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #жолдау #Ерман
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Медеу ауданында кәсіби бағдар беру акциясы жалғасып жатыр

Бүгін 22:20

3 мыңнан астам өтінім: Алматыда JAS GALA ауқымды студенттік шығармашылық фестивалі басталды

Бүгін 18:27

«Amanat» қолдауы нақты нәтижеге жеткізді: алматылық отбасының өмірі қалпына келтірілді

Бүгін 17:55

Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады

Бүгін 17:38

Қазақстан Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Бакуге сапармен барды

Бүгін 17:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика