AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Жоғалып кеткен әйел үш күннен кейін лифттен өлі та...

Жоғалып кеткен әйел үш күннен кейін лифттен өлі табылды

Әлем 29.07.2023, 14:25 977
Жоғалып кеткен әйел үш күннен кейін лифттен өлі табылды
Сурет: ашық дереккөз

Ташкентте жоғалып кеткен әйел үш күннен кейін лифтіден өлі табылды.


Жедел саты бірнеше күн бойы бұзылып тұрған, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Nova24.uz мәліметіне сілтеме жасап.


Оқиға 24 шілдеде Ташкенттің Мирзо-Ұлықбек ауданындағы Паркент көшесіндегі үйлердің бірінде болған. 


Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/87902/


26 шілдеде әйелдің туыстары адам жоғалғаны туралы арызбен құқық қорғау органдарына жүгінген. Іздестіру жұмыстарының үшінші күні, яғни 27 шілдеде қайтыс болған әйелді қыз тауып алған. Оның айтуынша, лифт шақырғанда әйелдің жатқанын көрген және оны ұйықтап жатыр деп ойлаған.


Кейін видеодан әйелдің 24 шілдеде лифтке кіргені анықталған. Ол жоғарғы қабаттардың бірінде тұрып қалған екен. 



"Жаңа ғимаратқа адамдар әлі толық қоныстанған жоқ, көршілерінің естуі мүмкін емес еді. Оған ешкім көмекке келмеген, содан қайтыс болған. Ол бүгін түнде табылды. Отбасына көңіл айтамыз. Бұл қорқынышты өлім", - деп жазады блогер қайғылы оқиғаға қатысты.



Бас прокуратура лифтте тұрып қалған әйелдің өлімінің себебін атады. 



"Алдын ала медициналық қорытынды бойынша, марқұмның өліміне жүректің ишемиялық ауруы, жедел жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жеткіліксіздігі себеп болған. Тексеру барысында үй тұрғындары лифт бірнеше күннен бері істен шыққанын және мұндай бұзылу жиі байқалатынын түсіндірді", - делінген басылым жазбасында.



Бас прокуратура мәліметінше, 24-28 шілде аралығында лифт істен шыққан. Ведомство бұл оқиғаны мамандарды тарта отырып, тергеуге дейінгі тексеру аясында зерттейтінін, содан кейін құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдайтынын мәлімдеді.


Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/87902/

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жедел саты #жоғалған #өлі табылды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);