конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Жемқорлыққа қатысты 876 қылмыс тіркелген

Жемқорлыққа қатысты 876 қылмыс тіркелген

Заң мен тəртіп 12.07.2024, 19:02 1,032
Жемқорлыққа қатысты 876 қылмыс тіркелген
интернет

Бұл 7 айдың мәліметі. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік биыл 876 қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Оның ішінде парақорлық, жымқыру және лауазымдық өкілеттікті теріс пайдалану бар.

Әкімдіктердің, квазимемлекеттік сектордың және құқық қорғау органдарының қызметкерлері жемқорлыққа барынша бейім. Жемқорлық тәуекелдері жоғары салаларға білім беру, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру жатады.

Ведомство басшысы А. Жұмағали атап өткендей, агенттік жоғары лауазымды тұлғалардың қатысы бар қылмыстық схемаларды әшкерелеуге байланысты сандық емес, сапалық көрсеткіштерге бағдарланған.

«Анықталған қылмыстарды жасауда 592 адам әшкереленді, оның ішінде 107 басшы. Олардың ішінде бұрынғы министрлер, вице-министрлер, комитет төрағалары, облыстық басшылар бар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әділет экс-министріне және басқа да адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады», - делінген агенттік таратқан ақпаратта.

Ол жеке компанияның басшылығымен бірге бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды, алаяқтық жасады және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысты деген күдікке ілінген.

Сондай-ақ, Агенттік бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі мен мердігер ұйымның басшылығына қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды және бюджет қаражатын жымқырды деген күдік бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

Аталған істердің әрқайсысы бойынша залал 1 млрд теңгеден асады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жемқорлық #қылмыс #Агенттік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13

Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Бүгін 10:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);