конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Жауапсыз мердігерлер лицензиясынан айырылады - Алм...

Жауапсыз мердігерлер лицензиясынан айырылады - Алматы әкімі

Барлығы 18.08.2025, 18:23 681
Жауапсыз мердігерлер лицензиясынан айырылады - Алматы әкімі
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Наурызбай ауданында жиын өткізіп, оған аудан әкімдік басшылығы, тиісті басқарма мен коммуналдық қызмет өкілдері қатысты.

Кеңес барысында бірқатар инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысанның, соның ішінде су және кәріз желілерінің, сондай-ақ мектеп құрылысына қатысты түйткілді мәселелер қаралды. Жұмыс қарқынының баяулығына жол бермеу керектігі ерекше аталды. 

«Бүгін көтерілген барлық мәселе хаттамаға енгізіліп, бақылауға алынады. Инженерлік желі, жол мен абаттандыру басты назарда тұр. Себебі бұл тұрғындарды жиі алаңдататын жайттар», – деді қала әкімі.

Шұғыла шағынауданындағы магистральдық газ құбырының құрылысына баса назар аударылды. Жұмыс қарқыны мен сапаның төмендігі, сондай-ақ, коммуналдық мақсатта қазылған жерлердің дер кезінде көріктендірілмейтіні тілге тиек етілді. 

«Қалада міндеттемесін орындамайтын, лицензиялық талаптарды бұзатын мердігерлер сот арқылы жауапсыз деп танылып, лицензиясынан айырылуы керек. Бір рет қатаң тәртіп орнатып, одан кейін барлығы жауапкершілікті түсінетіндей жасау қажет. Қалаға жұмыс істеуге келген әрбір компания жұмысын адал атқаруға міндетті», – деді Дархан Сатыбалды.

Халық саны өсіп жатқан ауданда әлеуметтік нысандарды көбейту де маңызды. Жыл соңына дейін «Келешек мектептері» ұлттық жобасы мен өзге де бағдарламалар аясында 8 мыңнан астам оқушыға арналған 6 жаңа мектеп пен қосымша ғимараттар пайдалануға беріледі.

Сол күні әкім тұрғындарды қабылдап, сумен жабдықтау, жол, қоғамдық көліктің жұмысы, абаттандыру, басқарушы компаниялардың қызметі және қала құрылысы нормаларының сақталуы бойынша өтініштерді қарады. Әрбір мәселе бойынша түсіндірме беріліп, нақты орындалу мерзімі анықталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #Мердігер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Құрылтай сайлауын бақылау үшін барлық жағдай жасалған – ШЫҰ бақылаушылары

Бүгін 15:14

Әскери институт курсанттары өз таңдауларын жасады

Бүгін 15:13

Құрылтайдың алғашқы сайлауында байқаушы болу біз үшін де тарихи сәт – филиппиндік бақылаушы

Бүгін 15:11

Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері: Алматының танымал спортшылары сайлауға қатысты

Бүгін 15:10

Алматының бірқатар бағытында қоғамдық көліктегі жолаушылар саны артқаны байқалады

Бүгін 15:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);