AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан күдіктілер ел ас...

Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан күдіктілер ел астанасында қолға түсті

Оқиға 01.02.2022, 09:40 1,617
Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан күдіктілер ел астанасында қолға түсті
Сурет: Media.az

Жедел қызметтер кешенді жұмыстар жүргізді.


Қаңтар айының басында өңірлерде орын алған тәртіпсіздіктерге қатысқан күдіктілер елордада ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті басқармасының бастығы Арман Аймағамбетов айтты.



«Өздеріңіз де білетіндей, қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Оның аясында біз заңсыз айналымнан атыс қаруларын да тәркіледік», - деді ол брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.



Осы ретте ол қаңтардың басындағы оқиғалар кезінде елордада тәртіпсіздіктерге жол берілмегендігін баса айтты.



«Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ұсталғандар болды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді басқарма бастығы.



Сонымен қатар елордалық департамент өкілі еліміздің өзге өңірлерде орын алған тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдікпен Нұр-Сұлтан қаласында қолға түскен күдіктілердің де болғандығын атап өтті.



«Өзге өңірлерде орын алған оқиғаларға қатысқандар да ұсталды. Қазіргі уақытта Жамбыл облысында және Алматы қаласында орын алған оқиғаларға қатысқан 3 күдікті қолға түсті. Аталған тұлғалардан ұрланған заттар табылды. Кейбір фактілерге қатысты жедел қызметтер кешенді жұмыстар жүргізді. Ұрланған телефондарды сатылымға шығару деректері де бар. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді Арман Аймағамбетов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тәртіп #астана #ұсталды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«ҚазАвтоЖол» мен қазақстандық банктер синдикаты $700 млн дейінгі сомаға кредиттік келісімге қол қойды

Бүгін 08:15

ЭКСЖ ұлттық жобасын жүзеге асыру: Қанат Бозымбаев жобалық кеңсенің отырысын өткізді

Кеше 19:45

МАТЕМАТИКА ПӘНДЕРІНІҢ ЕКІ МҰҒАЛІМІНЕ СУ ЖАҢА АВТОКӨЛІКТІҢ КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Кеше 19:33

Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты

Кеше 19:10

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды  

Кеше 19:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);