Жандарбек Бекшин : Алматы «сары» аймақта

Жандарбек Бекшин : Алматы «сары» аймақта Сурет: Sputnik.kz

Қаланың бас санитарының айтуынша, шаһардағы эпидахуал әлі де босаңсуға болмайтынын көрсетіп отыр.


Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз конференциясы барысында Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алматының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа өту кезіндегі қолданыстағы шектеу шаралары 7 күн өткеннен кейін күшіне енетін белгілі бір жеңілдіктермен сақталатынын атап өтті.


Жандарбек Бекшин сары аймақтың Өлшемдері 1 (бірліктен) кем немесе оған тең R саны (жұқтыру көрсеткіші) мен жүзден кем немесе оған тең 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттану көрсеткіші болатынын түсіндірді.



 


Қазіргі уақытта Алматыда 7 маусымдағы жағдай бойынша 100 мың тұрғынға шаққанда КВИ-мен сырқаттанушылық көрсеткіші 64,7, яғни 100-ден төмен, оның ішінде R=0,7.



 


Жандарбек Бекшин атап өткендей, жүргізілген шектеу шараларының нәтижесінде КВИ-мен ауыру азайды. Атап айтқанда, бұған бұқаралық іс-шараларға тыйым салу, базарлардың, СОСО-ның, жазғы алаңдарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына тыйым салу, демалыс күндері әлеуметтік байланыстарды азайту мақсатында, сондай-ақ халыққа вакцина салу шаралары себеп болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:21

10:14

10:10

10:00

09:50

09:40

09:19

09:02

08:49

08:23

08:12

19:29

19:26

18:14

17:40

17:25

17:11

16:45

16:35

16:20

16:08

16:07

15:44

15:31

15:19