Жаңа жыл - жаңа мақсат. 2026 жылға жоспар құруда нені ескеру керек?

Жаңа жыл - жаңа мақсат. 2026 жылға жоспар құруда нені ескеру керек? Сурет: ЖИ көмегімен салынды

Жыл басталғанда көп адам одан үлкен үміт күтеді. Біреулер үшін бұл өмірді "таза парақтан" бастауға мүмкіндік болса, енді біреулер үшін өткенге көз жүгіртіп, алдағы бағытты айқындаудың сәті. Осы тұста кей адамдар жыл сайын өзіне есеп беріп, жеткен жетістіктерін саралап, келесі жылға нақты мақсаттар қойып, арнайы уақыт бөледі. Олар үшін жылдық жоспар - жай ғана тізім емес, өмірін жүйелеудің бір жолы.

Алайда жаңа жыл басталып кетсе де, өткен жылды қорытындыламаған, алдағы жылға ешқандай жоспар құрмаған, тіпті мұны әдетке айналдырмаған адамдар да аз емес. Кейбірі мақсат қоюды артық жұмыс санайды, енді бірі "бәрі өз ретімен болады" деген ұстанымды жөн көреді.

Сонда бір жылға мақсат қою расымен қажет пе? Бір жылға жоспар жазу қаншалықты "жұмыс істейді"? Мұның сырын Aqshamnews.kz тілшісі зерттеп көрді. 

Кей адамдар (тіпті кейбір бизнес өкілдері де) үшін мақсат қою - бос әурешілік, уақытты текке кетіру сияқты көрінуі мүмкін. Олардың ойынша, жоспар көп ойлануға итермелеп, нақты әрекетке кедергі жасайды. Мұндай адамдар көбіне тек сыртқы қысым болғанда ғана мақсат ойлап табады. Бірақ бұл өмірді жақсартуға деген ішкі қажеттіліктен емес.

Дегенмен шын мәнінде, мақсатсыз өсу болмайды. Адам баласының өмірінде ештеңені өзгерткісі келмейтін, жақсартуға ұмтылмайтын кезеңі мүлде болмайды десек, қателеспейміз.

Сондықтан жауап қарапайым: мақсат қою - міндетті емес.
Бірақ егер өмірді жақсы жаққа өзгерткің келсе, дамығың келсе, өзіңді жаңа деңгейде көргің келсе, онсыз тағы болмайды. Ең бастысы, мақсатты жай ғана армандап қоймай, оны нақты әрі саналы түрде тұжырымдау қажет.

Осы мақалада біз өткен жылды қалай дұрыс қорытындылау керегін, жаңа жылға мақсатты қалай таңдап, оған жету жолын қалай жоспарлауға болатынын қарастырамыз.

Өткен жылды қалай қорытып, бағалау керек?

Жылдық жоспарлауды өткен жылды саралаудан бастаған дұрыс. Бұл мектептегі "Мен бұл жылды қалай өткіздім?" деген шығармаға ұқсайды. Ол үшін бұл істе тәжірибесі бар мамандар екі қарапайым жаттығуды ұсынады

1-жаттығу: үш сұраққа жауап беру

  • 2025 жылғы ең жарқын жетістігім немесе оқиғам қандай болды?
  • Нені істеу ең қиын болды, алға қойған мақсаттың қайсысы жүзеге аспады?
  • 2026 жылға нені алып өткім келеді, ал нені 2025 жылы қалдырғым келеді?

Алғашқы сұраққа үлкен жетістіктер де, ұсақ, бірақ маңызды өзгерістер де кіруі мүмкін: саяхат, қызметтегі өсу, жаңа дағды, үй жөндеу, тіпті, көптен күткен перденің алынуы. "Жарқын" оқиға шеңберіне нені жатқызуға болатынын мақсаты мен жоспарын жазушы өзі таңдайды.

Екінші сұрақта қиындықтар мен орындалмаған армандарға тоқталған жөн. Кейде ең жарқын оқиға ең ауыр сынақ та болуы мүмкін - бұл қалыпты жағдай.

Үшінші сұрақта алдыңғы жауаптарға қарап, 2026 жылы саған не қажет екенін анықтайсың.

2-жаттығу: Өзіңді мақтау

Өзіңді мақтауға болатын 30 нәрсенің тізімін жазу. Бұл тапсырманы шын көңілден, ықылас қойып жазған жақсы, ұсақ-түйек деп бөлме. Бұл жаттығу оңай көрінгенімен, көп адамға қиын.

Екі жаттығуды да қағаз алып, қаламмен жазған дұрыс. Бұл эмоцияны сезінуге, өткенді шын мәнінде түйсінуге көмектеседі.

Мұндай "аудит" 2026 жылға дұрыс бастапқы нүкте қою үшін қажет.

Жылға мақсатты қалай таңдау керек?

Бұл жаттығулар өткен жылы сені алға жетелеген мақсаттарды анықтауға көмектеседі. Мұндай мақсаттар:

  • кәсіби немесе жеке дамуға,
  • табысқа,
  • қанағат сезіміне,
  • энергияға әкеледі.

Егер 2025 жылы белгілі бір бағытта еңбек етіп, одан күш алған болсаңыз, сол бағытты жалғастыруға болады. Бұл - 2026 жылға мақсат қоюдағы бірінші шекара.

Екінші шекарада - орындалмаған мақсаттар тұрады. Олар өкініш сезімін тудыруы мүмкін. Бұл қалыпты. Өзіңе сұрақ қой:

  • Бұл мақсат маған шынымен керек пе?
  • Бұл - менің қалауым ба, әлде сырттан таңылған ба?
  • Ол маған бұрынғы мақсаттарым сияқты қуат бере ме?

Сосын армандарың бәрін  қайтадан "Мен..... болғанын қалаймын...форматында жазу керек.

Қанша мақсат қою керек?

Ең алдымен, адам өзінің ресурсын бағалап алса жөн:

  • уақыт
  • ақша
  • энергия
  • білім
  • қолдау

Күніне орта есеппен 2-3 сағат қана бос уақыт қалатынын ескерсек, жаңа мақсат - ескі бір әдеттен бас тарту деген сөз.

Мақсаттарды өмір салалары бойынша бөлген жөн:

  • денсаулық
  • мансап
  • қарым-қатынас
  • қаржы
  • шығармашылық / жеке іс

Әдетте 1-2 сала "ақсап" тұрады. Соларға басымдық бер.

2–3 маңызды мақсат - жеткілікті.
Ең бастысы, адам өзіне күш-қуат беретін мақсатты таңдау керек.

Жылдық мақсат қою әдістері:

  • SMART - нақты, өлшенетін, қолжетімді, маңызды, мерзімі бар мақсат
  • HARD Goals - эмоцияға әсер ететін, шабыттандыратын, күрделі мақсаттар
  • OKR - мақсат + өлшенетін нәтижелер
  • Өмір дөңгелегі - өмір салаларын теңгеру
  • WOOP - қалау, нәтиже, кедергі, жоспар
  • Кері жоспарлау - соңғы нәтижеден бастап қадамдау
  • "Мақсаттар ағашы" - үлкен мақсат шағын әрекеттерден басталады.

Қысқа қадамдарды ұзақ мақсатпен қалай байланыстыру керек?

Үлкен мақсат міндетті түрде:

  • кезеңдерге (ай, тоқсан)
  • шағын әрекеттерге (15-30 минут) бөлінуге тиіс.

Күнделікті әрекет мына сұраққа жауап беруі керек:
"Бұл мені мақсатқа қалай жақындатады?"

Мақсаттан айнымай жүру үшін не істеу керек?

  • Мақсатыңды көз алдыңда ұста
  • Қауымдастық немесе серік тап
  • Күн сайын аз да болса әрекет ет
  • Демалысты жоспарға қосудан қорықпа
  • Егер мақсат мүлде шабыт бермесе - одан бас тартуға да болады

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:52

17:50

17:33

17:25

17:10

17:00

16:50

16:24

16:16

16:03

15:43

15:38

15:27

15:16

15:15

14:58

14:44

14:29

14:25

14:11

13:46

12:51

12:35

12:17

12:09